Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST пен Tranzum Courier Service логистика мен теңіз тасымалдаулары саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

KAZAKH INVEST пен Tranzum Courier Service логистика мен теңіз тасымалдаулары саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

Астанада қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азамат Қожанов пен Tranzum Courier Service (TCS) Басқарма Төрағасы Халид Наваз Аван арасындағы жұмыс кездесуі өтті. Кездесу Ислам Республикасы Пәкістандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Келіссөз барысында тараптар логистика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, оның ішінде теңіз тасымалдауларын дамытуға, бірлескен кәсіпорындар құруға және Қазақстан, Пәкістан мен үшінші елдер арасындағы мультимодальді маршруттарды қалыптастыруға бағытталған перспективаларды талқылады.

TCS компаниясы Араб теңізінің жағалауында орналасқан маңызды логистикалық хаб — Гвадар портын дамытуға қазақстандық серіктестерді инвестиция тарту бастамасын ұсынды. Сондай-ақ, тараптар қазақстандық тауарларды теңіз жолдарына жеткізу бойынша логистикалық шешімдерді бірлесіп пысықтауға және Қазақстан арқылы Қытайға, Өзбекстанға, Әзербайжанға және өңірдің басқа да елдеріне бағытталған транзиттік маршруттарды дамытуға қызығушылық білдірді.

IMG_2856.JPG

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Азамат Қожанов көлік және логистика тұрақты экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі екенін атап өтті:

«TCS сияқты компаниялармен ынтымақтастық көлік байланысын нығайтуға, жеткізу мерзімдерін қысқартуға және қазақстандық өнімнің экспорттық географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде Пәкістандағы Қазақстан Елшілігімен бірлесе отырып, көлік және логистика саласына инвесторлар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. TCS — Қазақстан мен Пәкістан арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға нақты қызығушылық танытып отырған компаниялардың бірі. Біз нақты бастамаларды пысықтауға және оларды қолданыстағы мемлекеттік қолдау құралдары аясында іске асыруға жәрдемдесуге дайынбыз», — деді ол.

IMG_2858.JPG

Тараптар дәстүрлі сауда жолдарының жүктемесі жоғары учаскелерін айналып өту үшін QTTA, UPTTA және KPTTA дәліздерін қоса алғанда, баламалы маршруттарды пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды. Бүгінде Қазақстан Карачи порттары арқылы транзитті белсенді пайдалануда, ал болашақта Қытай мен Ауғанстанның көлік желілеріне интеграция арқылы Пәкістан порттарына тікелей шығу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастырып, салалық ведомстволар мен компаниялардың қатысуымен қосымша консультациялар сериясын өткізуге уағдаласты. Алдағы жұмыстың басты бағыты — логистикалық хабтар құру, жеткізу тізбектерін басқаруға цифрлық шешімдерді енгізу және Еуразия кеңістігінде орнықты көлік инфрақұрылымын қалыптастыру.

Анықтама:

Tranzum Courier Service (TCS) — курьерлік жеткізу, электрондық коммерция, қойма логистикасы және өңірлік сауда салаларында 30 жылдан астам тәжірибесі бар Пәкістанның ең ірі интеграцияланған логистикалық компаниясы. Компания Карачи мен Гвадар порттары арқылы мультимодальді маршруттарды, соның ішінде халықаралық UPTTA және QTTA дәліздерін белсенді түрде дамытып келеді. Бүгінгі таңда TCS Орталық Азия елдеріне 600-ден астам транзиттік тасымалды, оның ішінде Қазақстанға 17 тасымалды жүзеге асырған. Үшінші елдерде жүктерді ауыстырып тиеусіз жүзеге асырылатын тікелей TIR-тасымалдарын дамыту — TCS қызметінің басым бағыттарының бірі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге