+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Баспасөз релиздері

«KAZAKH INVEST» және THR International Tourism Consultants өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды

«KAZAKH INVEST» және THR International Tourism Consultants өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды

8 желтоқсан күні «Shymkent Development Forum–2018» халықаралық инвестициялық форумы аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және THR International Tourism Consultants инспандық консультациялық компания арасында туризм саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Сондай-ақ, форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Исатаев қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерді отандық инвестициялық мүмкіндіктермен және Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болашағымен таныстырды.

THR International Tourism Consultants компаниясы Еуропалық, Солтүстік Африкалық, Оңтүстік Америкалық, Кариб және Солтүстік Америкалық елдердің 70-тен астам мемлекетінде халықаралық туристік жобаларды әзірлеумен айналысады. Қазіргі уақытта компанияның табысты жүзеге асырған кейстерінің саны 1100 жобадан асты.

Баяндама барысында Рустам Исатаев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ шетелдік инветорларға инвестициялық жобаны іске асыру барысында, жер телімдерін, инвестициялық субсидия беру, кедендік баж салығы және басқа да мемлекеттік қолдауды қоса алғанда, жан-жақты қолдау көрсететіндігін, бизнесмендер үшін бұл мемлекет тарапынан көрсетілетін айтарлықтай қолдау екендігін атап өтті.   

Бұл форум, жергілікті және орталық деңгейінде бизнес жүргізуге, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке мемлекеттік қолдау тұрғысынан алғанда қаланың тартымдылығын талқылау алаңына айналды. Форумның басты мақсаты Шымкенттің даму стратегиясымен танысу, шағын және орта бизнесті ынталандыру, туризмді дамыту және елдің үшінші мегаполисінің экономикасына инвестиция тарту болды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге