Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» пен «Bechtel Corporation» Астанда кездесті

«Kazakh Invest» пен «Bechtel Corporation» Астанда кездесті

2018 жылдың 25 қыркүйек айында «Kazakh Invest» Ұлттық Компаниясы» АҚ АҚШ-тың «Bechtel Corporation» өте ірі құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. 

Келіссөздерде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Марат Бірімжан, «Bechtel» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Chris Jennion және «Bechtel» Еуропадағы Таяу Шығыстағы өңірлік кеңсесінің президенті Stu Jones қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша «Bechtel» компаниясының тарабы Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларында ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. 

Бірлескен жұмыстың келешегін талқылап, тараптар Қазақстан Республикасының басымды салаларында өзара іс-қимыл нысандарын дамытуды ұсынды. Осыған байланысты, «Kazakh Invest» компаниясының басшылығы, компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжан рейтингті емес жобалар бойынша, сондай-ақ қолданыстағы инвестициялық преференциялар бойынша толық ақпарат берді. 

«Bechtel Corporation» («Бектэл» орыс.)— өте ірі құрылыс компаниясы жәнеАҚШ-тағы 4-інші өте ірі құрылыс компаниясы. Компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан. 2017 жылы году «Бектэл» компанияларының тобында 50-ден артық елдегі объектілерде 50 мыңнан артық адам жұмыс істеді. 2016 қаржы жылының пайдасы 32,9 млрд долл. құрады.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге