Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST қалдықтарды басқару форумында

KAZAKH INVEST қалдықтарды басқару форумында

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Азамат Қожанов «Qarmet» АҚ ұйымдастырған қалдықтарды басқару жөніндегі форумға қатысты. Форум Қазақстанның өнеркәсіптік және экологиялық дамуы үшін негізгі ресурс ретінде қалдықтарды қайта өңдеу перспективаларын талқылауға арналған бірегей алаңға айналды.

«Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Андрей Лаврентьев құттықтау сөз сөйлеп, қалдықтарды тиімді басқару үшін қажетті инновациялар мен нормативтік өзгерістерді анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Форумның кластерлердің рөлі мен өңірлік экономика үшін техногендік минералды түзілімдерді (ТМТ) қайта өңдеудің мультипликативтік әсеріне арналған панельдік талқылауы аясында А. Қожанов сөз сөйлеп, ТМТ қайта өңдеуді ұлғайту жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттігін атап өтті. Басқарушы директор қалдықтарды қайта өңдеуге кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, өнеркәсіптік кластерлерді құру техногендік минералды түзілімдерді пайдаланудың тиімділігін едәуір арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, қалдықтар санын азайтуға, сондай-ақ инновациялық технологияларды әзірлеуге және енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұдан әрі А. Қожанов қатысушыларды осы бағыттағы KAZAKH INVEST қызметімен таныстырды.

«Өз кезегінде KAZAKH INVEST Қазақстанда ТМТ қайта өңдеуді дамыту бағытында да белсенді жұмыс істейді. Мәселен, оларды қайта өңдеуге инвестициялар тарту мақсатында Kazakhmys балансындағы ТМТ бойынша ақпаратты дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. ҚР-да ТМТ өңдеуге Канада, Ұлыбритания, Қытай және Түркия сияқты елдердің инвесторлары қызығушылық танытуда», – деп атап өтті Басқарушы директор.

Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды, бұл қатысушылардың орнықты дамудың ортақ мақсаттарына бейілділігін көрсетеді.

Форумға қатысу ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыровтың Қарағанды облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау жөніндегі жұмыстың жалғасы болды. Сапар барысында Министрдің орынбасары «Qarmet» АҚ компаниясының металлургиялық комбинатына барып, компанияның Бас директоры Вадим Басинмен кездесу өткізді, оның барысында тараптар компанияның өндіру мен өндірістік қуаттарды ұлғайту, логистикалық мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық қызметті кеңейту жөніндегі жоспарларын талқылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге