Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST АӨСШК тоғызыншы Бизнес-форумында

KAZAKH INVEST АӨСШК тоғызыншы Бизнес-форумында

20 қарашада Астана қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес  (АӨСШК) тоғызыншы бизнес-форумы аясындағы шағын және орта бизнестің тұрақты дамуына арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Ол Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты.

Іс-шара барысында Қытай-Еуразиялық бизнес кеңесінің президенті Чынгыз Шер, Алматы қаласындағы «KOTRA» директоры Ким Чжун-хун, ҚХР трансшекаралық электрондық сауда жобасының жетекшісі Тун Дань және басқалары сөз сөйледі. Бағдарлама аясында бес панельдік сессия ұйымдастырылды. Олардың тақырыптары: ШОБ-қа жасанды интеллектті интеграциялау, электрондық сауда арқылы трансшекаралық сауданы кеңейту, логистика мен инфрақұрылымдағы инновациялық шешімдер, ШОБ-тағы әйелдердің өсіп келе жатқан мүмкіндіктері және шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы.

Өз сөзінде М. Султанбек қатысушыларға Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы, KAZAKH INVEST жұмысы және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсынды. Басқарма төрағасының орынбасары салықтық жеңілдіктер алу мүмкіндіктері, инвесторлардың құқықтарын халықаралық келісімдер арқылы қорғау және жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде ұлттық компания тарапынан сүйемелдеу туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ, М. Султанбек Қазақстан экологиялық таза технологиялар мен қалдықтарды қайта өңдеуге қатысты бағыттарды белсенді түрде дамытып жатқанын атап өтті.

Форум бизнес көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерін жинап, Азиядағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы диалог үшін маңызды алаңға айналды. Іс-шараның мақсаты – АӨСШК мүше елдерінде B2B және G2B желілерін нығайту, іскерлік байланыстарды дамыту және перспективалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге