KAZAKH INVEST Қытайдың Цзянсу провинциясымен іскерлік ынтымақтастықты жандандыруда
Қазақстан мен Цзянсу провинциясының іскер топтары арасындағы инвестициялық, сауда-экономикалық, сондай-ақ көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Қазақстан мен Қытай Іскерлік кеңесі кәсіпкерлерінің форумы аясында талқыланды. Форум жұмысына Қытайдың жетекші компанияларының 60-қа жуық өкілі қатысты.
Форумды «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР өкілдігі, Шанхай қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығымен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитеті (ХШЖК), Цзянсу провинциясының Халықаралық сауда палатасы және Ляньюньган қаласының (Цзянсу провинциясы) Халық үкіметі бірлесіп ұйымдастырды.
Форумның ашылуында ХКЖК Бас хатшысы Юй Цзянлун, Қытайдың Халықтық-саяси консультативтік кеңесінің төрағасы Ван Цзяпэй, Цзянсу провинциясының ХКЖК төрағасының орынбасары Цун Суфэн, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директоры Ернар Жанәділ, Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулы Рахымжан Рахимов, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен ірі компанияларының басшылары құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Рахымжан Рахимов іс-шараға қатысушыларды Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың қол жеткізілген нәтижелері туралы хабардар етті, сондай-ақ қытай компанияларының бизнес-қауымдастығын бірлесіп іске асырылуы екі жақты экономикалық қатынастарға жаңа серпін беретін инвестициялық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды.
Іс-шарада видеоконференцбайланыс түрінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали құттықтау сөз сөйлеп, Цзянсу провинциясының қытайлық компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты жолға қоюға, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын алуға жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР-дағы Бас өкілі Қуаныш Амантай ҚР инвестициялық климатының артықшылықтарын, ҚР экономикасының басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін жеңілдіктер мен преференцияларды, сондай-ақ ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын таныстырды.
Сонымен қатар, кездесу аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалық менеджерлері Динара Исабекова мен Самат Алмағамбетов фармацевтика және АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары туралы «онлайн» режимде презентациялар жасады.
«Самұрық-Қазына» АҚ» ҚХР-дағы өкілдігінің басшысы Искандер Байтасов қазақстандық ұлттық әл-ауқат қорының қызметін таныстырды.
Форум қорытындысы бойынша Цзянсу провинциясының өндірістік және қайта өңдеу компанияларымен инвестициялық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мақсатында ҚХР-дағы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігі Цзянсу провинциясының және Ляньюньган қаласының Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Бұдан басқа, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігі «Ляньюньган - Каспий теңізі жеткізілімдерінің интеграцияланған тізбектері» симпозиумын ұйымдастыруға қатысты, онда қытай мен Каспий теңізі өңірінде орналасқан елдер арасындағы сауда-экономикалық, сондай-ақ көлік-логистикалық өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Іс-шараға Көлік, логистика, сауда, сондай-ақ энергетика және т. б. салаларда маманданған Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, ГФР және Италияның ірі компанияларының 140-тан астам өкілдері қатысты.
Өз кезегінде, ҚХР «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Бас өкілі Қуаныш Амантай шетелдік компанияларға ҚР инвестициялық климатын, мемлекеттік қолдау шараларын, ҚР экономикасының басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін жеңілдіктер мен преференцияларды таныстырды.
Сонымен қатар, «ACE Group» директорлар кеңесінің төрағасы Сунь Ванпин Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында өндірістік-логистикалық база құруды көздейтін инвестициялық жобаны таныстырды.
Жоба шеңберінде Ляньюньган порты мен Ақтау портын жалғайтын жаңа тұрақты көлік бағытын қалыптастыру жоспарлануда, бұл өз кезегінде Қытай, ҚР батыс өңірлері мен Каспий өңірі елдері арасындағы сауда көлемінің өсуіне, ҚХР мен ҚР Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің кәсіпорындарының өндірістік алаңдарын орналастыруға, сондай-ақ Каспий және сары теңіздердің өңірлері арасында жеткізудің жаңа өндірістік тізбегін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
Айта кету керек, бұл жобаны «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР-дағы өкілдігі және «ACE Group» компаниясы 2019 жылдан бері пысықтап келеді.
Анықтама: Цзянсу провинциясы — Қытайдың Шығыс провинциясы, Сары теңіз жағалауында орналасқан. Цзянсу Экономикалық даму, аграрлық және индустриялық өнімдер, сондай-ақ халықтың өмір сүру деңгейі бойынша жетекші орынға ие, Қытайдың маңызды провинцияларының бірі болып табылады.
Цзянсудың негізгі сауда серіктестері-АСЕАН, ЕО және АҚШ елдері.Цзянсу экономикасының неғұрлым дамыған салалары химия және мұнай-химия өнеркәсібі, электр тұрмыстық техника өндірісі, ауыл шаруашылығы саласындағы қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, көлік және логистика болып табылады.