Баспасөз релиздері

Қатар - ескі дос, жаңа мүмкіндіктер

Қатар - ескі дос, жаңа мүмкіндіктер

Катар Әмірі шейх Тамим бин Хамад Әл-Танидің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегацияның Қатар мемлекетіне жұмыс сапары өтуде.

Сапардың мақсаты – бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру. Делегация құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, «КAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының және Қазақстанның бірқатар жеке компанияларының өкілдері кірді.

«Мойындауымыз керек, біз Катардың барлық мүмкіндіктері мен осы елдің бізге деген достық қарым-қатынасына қарамастан, әлемдік инвестор ретіндегі әлеуетін толық көлемде пайдаланған жоқпыз. Катар – жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің үшінші көрсеткіші бар, бүкіл әлемде прогрессивті көзқарасы бар және Qatar Investment Authority тәуелсіз қор арқылы ең үздік активтерде инвестициялық қатысуы бар бай мемлекет. Бірақ осының бәрі ескере отырып, бізде іс жүзінде бірлескен инвестициялық жобалар жоқтығын белгілегім келіп тұр. Бұл біздің кемшілігіміз және біз Катарды қайта ашуымыз керек», - деді Алмас Айдаров.

Сапар барысында делегация мүшелері Катар Орталық банкінің Төрағасымен, сондай-ақ «Qatar Sports Investments», «Qatar Mining», «Qatari Diar», «Hassad Food», «Widam», «Katara Hospitality» ұлттық компанияларының, «Qatar Investment Authority» Егемен қорының бірінші басшыларымен, сондай-ақ Катар бизнесмендер қауымдастығымен және басқа да жеке инвесторлармен келіссөздер жүргізді.

Алдыңғы уағдаластықтардың жалғасы ретінде қазақстандық делегация АӨК, ТМК, ҚӨК, туризм, мұнай-химия сияқты салаларда $4,6 млрд болатын 37 дайын «brownfield» жобасын ұсынды. Бұл жобалардың қазақстандық сенімді серіктестері бар және катарлық инвестициялық саясаттың ерекшелігін ескере отырып іріктелген.

Қазірдің өзінде Алматы облысында мал шаруашылығы мен сүт өндіру, тау-кен металлургия кешені мен қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы жобалар бойынша белсенді келіссөздер басталды. Сондай-ақ, туристік инфрақұрылымды кеңейту шеңберінде инвесторлар тарапынан Алматы және Маңғыстау облыстарында туристік объектілерді салу мүмкіндігіне сұраныс алынды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге