Баспасөз релиздері

Канадалық компаниялар Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Канадалық компаниялар Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Канадалық делегация 25 қарашада Астанада өтетін Қазақстан-Канада Іскерлік Кеңесінің (ҚКIК) бесінші мерейтойлық пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Сапар барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығына экскурсия ұйымдастырылып, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «QazTrade» АҚ және АХҚО өкілдерінің компаниялардың қызметі туралы презентациялары өтті.

KAZAKH INVEST компанияның жоба менеджері Диана Аблякимова ұлттық компанияның қызметі, Қазақстан Республикасы Үкіметі ұсынатын преференциялар, екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту перспективалары туралы айтып, канадалық компанияларды Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында жобаларды бірлесіп әзірлеуге шақырды.

new_DSC_0380.jpg

Өз кезегінде «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері қазақстандық экспорттың негізгі баптары, Қазақстанның сауда саясатының негізгі бағыттары, экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы айтып, Канадамен тауар айналымын арттырудың үлкен әлеуетін атап өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері компанияны АХҚО негізінде тіркеудің артықшылықтары, қаржы орталығының қызметі туралы айтып, сонымен қатар канадалық компанияларды қаржы секторында белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

Презентациялардың соңында екі елдің іскер топтар өкілдері арасында екіжақты кездесулер өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге