Баспасөз релиздері

Иорданиялық компания Қазақстанда құс фабрикасының құрылысын қарастыруда

Иорданиялық компания Қазақстанда құс фабрикасының құрылысын қарастыруда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ҚР СІМ Инвестициялар Комитетінің Төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Al Jazeera Agriculture Company» өкілдерімен кездесіп, компанияның Қазақстанда құс фабрикасын салу жөніндегі инвестициялық жобасын жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Компания елге осы қыркүйектің басында Амманда өткен Қазақстан-Иордания дөңгелек үстелі аясында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша келді.

Al Jazeera Agriculture өкілдері қазақстандық тарапты компанияның Қазақстанда инкубациялық жұмыртқа өндірісін құру жоспарлары туралы хабардар етті. Құны 15 миллион долларды құрайтын жобаның бірінші кезеңінде еуропадан асыл тұқымды тауықтарды әкелуді көздейді. Сондай-ақ, компания кейіннен жемшөп диірменін құруға жергілікті жеткізушілер мен өндірушілерді тартуды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Ғ. Оспанқұлов Al Jazeera Agriculture өкілдеріне Инвестициялыр Комитеті KAZAKH INVEST-пен бірлесіп жобаны іске асыру барысында компанияға толық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Сонымен қатар, Астанада Al Jazeera Agriculture өкілдері Қазақстанның Даму Банкі мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен кездесті. Кездесулер барысында тараптар ынтымақтастықтың ықтимал нысандарын және елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған жобаны қаржылық қолдауды талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстанға сапары барысында Al Jazeera Agriculture өкілдері жобаны жүзеге асыру үшін қолайлы жер учаскесін табу үшін Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстарына барды.

Анықтама үшін:

Al Jazeera Agriculture Иорданияның жетекші, толық интеграцияланған құс компанияларының бірі болып табылады. Оның САК мен БАӘ-ге ет экспорттауға және сатуға лицензиясы бар. Компания Иордания нарығының шамамен 23% - ын алып жатыр және жылына шамамен 60 миллион кг тауық еті мен 100 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіреді. Al Jazeera Agriculture сонымен қатар жылына шамамен 4000 тонна ет өңдейтін өз брендтерімен қосылған құны бар тауық өнімдерін шығарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге