Баспасөз релиздері

Итальяндық трансұлттық компания Түркістан облысында КЭС салады

Итальяндық трансұлттық компания Түркістан облысында КЭС салады

Түркістан облысы Отырар ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды. Жобаны "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ қолдауымен "ENI" итальяндық трансұлттық компаниясы ("Arm Wind" ЖШС) жүзеге асырады.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д'Авино Паскуале, "Arm Wind" ЖШС компаниясының басқарушы директоры Алекс Стиловато және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік директоры Ерсұлтан Жаңабаев қатысты.

Жобаның жалпы қуаты 50 МВт құрайды деп жоспарлануда. Күн паркін салу аясында өңірге құйылған инвестициялардың көлемі 12,5 млрд теңгеден асады, 200-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

"Біздің компания Қазақстан Республикасының аумағында "Қашаған" және "Қарашығанақ" және т.б. жобалары бойынша жұмыс істеп келеді. Біз Қазақстанның жаңартылатын энергия көздеріне көшу саясатын толық қолдаймыз. Түркістан облысында біз жаңа жоба-КЭС құрылысын бастаймыз. Отырар ауданында күн шуақты күндер санының көп болуы бізге мұнда электр энергиясының жеткілікті көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Біздің компания атынан жергілікті билік пен KAZAKH INVEST жан - жақты көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіремін", - деп атап өтті "Arm Wind" ЖШС компаниясының басқарушы директоры Алекс Стиловато.

Жобаны іске асыру барысында 113,5 мың күн панелі орнатылады, олар жылына 90 млн КВт*сағ электр энергиясын өндіретін болады. Бұл Түркістан облысындағы электр энергиясы тапшылығының 2%-ын жабуға мүмкіндік береді. Құрылысты ағымдағы жылдың 4 тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр, ал жыл соңына қарай КЭС электр энергиясын өндіруді бастайды.

Айта кету керек, итальяндық ТҰК үшін бұл жаңартылатын энергия көздері саласындағы алғашқы жоба емес. Жақында компания Ақтөбе облысында қуаттылығы 48 МВт құрайтын жел электр станциясының құрылысын аяқтады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге