Баспасөз релиздері

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері беделді Бейжин ұйымының алаңында таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері беделді Бейжин ұйымының алаңында таныстырылды

KAZAKH INVEST Бейжіңдегі «Psearcher» зерттеу және консалтингтік компаниясының онлайн-алаңы аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Вебинар аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Іс-шараға елімізде бизнесті дамытуға және ынтымақтастыққа мүдделі 30-дан астам қытайлық компания қатысты.

ҚХР-дағы KAZAKH INVEST Бас өкілі Қуаныш Амантай Қазақстанның инвестициялық климатының таныстырылымын жасады, сондай-ақ шетелдік бизнесті қолдау шаралары, ел экономикасының басым салалары, екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен әлеуеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Баяндама нәтижелері бойынша, «сұрақ-жауап» сессиясы шеңберінде Қытай компанияларының өкілдері агроөнеркәсіптік кешен, жаңартылатын энергия көздері, мұнай мен газды қайта өңдеу, машина жасау және т. б. салалардағы ынтымақтастық бойынша мәселелерді көтерді.

Іс-шара қорытындысы бойынша, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР өкілдігі бірқатар компаниялармен нақты инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылау бойынша қайта кездесулер өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге