Баспасөз релиздері

Қазақстанның инвестициялық әлeyеті Францияда таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық әлeyеті Францияда таныстырылды

Француз Канн қаласында цифрландыру және баламалы энергетика жөніндегі қазақстан-француз форумы өтті.

Өз сөзінде «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда бизнесті жүргізудің артықшылықтары мен қолданыстағы преференциялар туралы әңгімеледі, сондай-ақ, шетелдік инвестицияларды тарту компанияның рөлі белгіленген болатын.

«Kazakh Invest» шетелде және Республика өңірлеріндегі өкілеттіктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді, - деді ол.

Сонымен қатар, спикер елдегі сандық және балама энергетикалық салалардағы жобаларға инвестиция салудың артықшылықтарын ұсынды.

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, Қазақстанның Франциядағы елшісі Жан Ғалиев, АХҚО Басқарушы Қайрат Келімбетов, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Франсуа Бернар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының өкілдері мен Қазақстанның бизнес-қауымдастығы. Француз жағынан Fonroche, Thalis, Airbus, CNCR Group, BPI France, Urbasolar, ECM Greentech, «MEDEF» бірлестігі секілді компаниялырдың өкілдері қатысты..

Елдің инвестициялық әлеуетін талқылаумен қатар, 2018 жылдың қазан айында Брюссельде өткен кездесу барысында екі елдің президенттері анықтаған экономиканың басым секторларында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

Екі жақты кездесулердің қорытындысы бойынша CNCR Group өкілдері өз жобаларын Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырмақ. Компания өзінің эксклюзивті өнімдерімен еліміздің цифрландыру эволюциясына қатысуға мүдделі. Сондай-ақ кәсіпкерлер жергілікті серіктестерді іздейді. Қазақстанда деректерді сақтау және мұрағаттау үшін дерекқорды орналастыруды қоса алғанда, DATA саласындағы жобаларды іске асыруға жоспарлары бар.

Бүгінгі таңда француз компаниялары Қазақстанда машина жасау, газохимия өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырырды. Олардың жалпы құны – 350 миллион долларға жуық. Тұрақты жұмыс орындарымен бес жүзден астам адам қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, 2005 жылдан бастап француз инвесторлары Қазақстан экономикасына шамамен 14,5 млрд. АҚШ долларын салған. Қазақстан мен Франция арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылы 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 32,5% жоғары.

Сонымен қатар, өткен жылы Қазақстан Францияға 3,8 млрд. АҚШ долларына тауарлар экспорттады, бұл 2017 жылға қарағанда 34% артық. Шетелдіктер көбісінде шикі мұнай мен уранды сатып алды.

Қазақстан, өз кезегінде, жарты миллиард долларға тауар импорттады. Оның ішінде халыққа арналған вакциналар, сондай-ақ дәрі-дәрмектер, гербицидтер, өсімдіктерді өсіру реттеушілері және парфюмерия.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге