Баспасөз релиздері

Түркиялық инвесторлар Қазақстанда химия өнеркәсібі саласындағы жобаны жүзеге асыруға дайын

Түркиялық инвесторлар Қазақстанда химия өнеркәсібі саласындағы жобаны жүзеге асыруға дайын

Химия өнеркәсібіндегі жобаны іске асыру перспективалары «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ ұйымдастырған түрік инвесторларының Қазақстанға сапары барысында талқыланды. Қызметтік іссапар аясында «BRIMSTONE Sulphur Provider Company» компаниясының негізін қалаушы Эфе Мунип Нурдогду «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті.

Инвестордың айтуынша, жоба Қазақстанның батыс өңірлерінің бірінде күкірт бетонитін өндіруді көздейді. Жобаға салынған инвестициялардың жалпы сомасы шамамен $10 млн құрайды деп жоспарлануда. 50-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру күтілуде.

Сонымен қатар, диалог барысында Эфе Мунип Нурдогду жобаны іске асыру жұмыстары ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отырғанын хабарлады. Сондай-ақ, инвестор аталмыш саланың негізгі артықшылықтары мен жобаның экспорттық әлеуеті туралы айтып өтті.

«Қазақстанда күкірттің жеткілікті қоры бар. Алайда, біз үшін де, жалпы ел үшін де шикізатты терең өңдеуді ұйымдастыру, дайын өнімді күкірт бентониті түрінде шығару және экспорттау әлдеқайда орынды. Логистикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстан бұл жобаны жүзеге асыру үшін өте ыңғайлы инвестициялық алаң. Біз бұл елде жылдам дамып келе жатқан нарық салаларына шығудың үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Соның ішінде бізді Қытай, Еуропа және Ресей нарықтары қызықтырады»,- деп атап өтті Эфе Мунип Нурдогду.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов инвестицияларға мемлекет тарапынан көрстетілетін қолдау шаралары, жеңілдіктер мен преференциялардың кең спектрі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Біз Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытудың үлкен перспективаларын көріп отырмыз. Осыған байланысты, біз аталған сала аясында бірқатар инвестициялық ұсыныстар пулын дайындадық. Бүгінгі таңда оның қатарына $600 млн сомасын құрайтын 9 жоба кіреді. Өз тарапынан KAZAKH INVEST идеядан бастап, жобаны іске асыруға дейінгі барлық кезеңдерде жобаға толық қолдау көрсетеді», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Айта кету керек, сапар аясында түрік компаниясы «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ-мен, сондай-ақ мұнай өндіруші ірі «NCOC», «Теңізшевройл», «KPO» сынды компания өкілдерімен шикізатпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты бірқатар келіссөздер жүргізбек. Сонымен қатар, инвесторлар жұмыс сапары барысында өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысу, жобаны іске асыру үшін перспективалы инвестициялық алаңдарды қарау мақсатында Атырау облысына баруды жоспарлап отыр.

Анықтама үшін: «Brimstone» компаниясы 2017 жылы Измир қаласында құрылған. «Brimstone» қызметінің негізгі бағыты күкірт және ілеспе өнімдер болып табылады. Күкірт өндіру зауыты Түркияның Измир қаласында орналасқан. Зауыттың өндірістік қуаты айына 6 000 тонна.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге