Баспасөз релиздері

Нью-Йоркте «Құбылмалы Еуразиядағы Қазақстан» инвестициялық конференциясы өтіп жатыр

Нью-Йоркте «Құбылмалы Еуразиядағы Қазақстан» инвестициялық конференциясы өтіп жатыр

Нью-Йоркте Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсауы кесілді 

Бүгін Нью-Йоркте «Құбылмалы Еуразиядағы Қазақстан» инвестициялық конференциясы өз жұмысын бастады. ҚР Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағалиев бастаған қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсауын кесті.

Шараның қатысушылары 250 астам ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері болып отыр, олардың қатарында  «Backer & McKenzie», Сhevron», «GE Transportation Digital», «RocketSpace Capital» және басқа да компаниялар бар.

Конференцияның ашылуында құттықтау сөзін Қазақстан тарабынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев сөйледі. Америка Құрама Штаттары Қазақстан үшін үнемі маңызды стратегиялық серіктес болып келген. Жиырма алты жыл уақыт ішінде Америка және Қазақстан өзара сенім, адалдық және серіктестіктің сөзсіз деңгейіне қол жеткізді.

«Мен бүгін мұнда аса маңызды миссиямен – біздің елдеріміздің басшылары Ақ үйде қол жеткізген уағдаластықтардың орындалуын қамтамасыз ету үшін келіп отырмын. Ендігі жерде екі мемлекет үшін қалыптасып отырған оңтайлы үрдістерге арқа сүйеп және инновация мен білім саласындағы жобалармен жұмыс жасаудың уақыты келді.

Соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстан кең ауқымды реформалар бағдарламасын жүзеге асырып, бұл іскерлік және инвестициялық климатты жақсартуға мүмкіндік берді, сонымен қатар, біздің елімізді аймақтық және ғаламдық саудаға кіріктіруге жағдай жасады», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Қазақстан ақпараттық технологиялар, өндіру және металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы секілді экономиканың шикізаттық емес секторларынан және тағам, химия және мұнай химиясы секілді салаларда өз болашағын болжап отыр. Білімге негізделген әртараптандырылған экономикаға ауысу мақсатында Қазақстанда цифрландыру бағдарламасы белсенді енгізіліп отыр. Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде  адам капиталын дамыту, электронды үкіметті және цифрлы экономиканы құру, еліміздің барлық түкпірлерінде кең жолақты байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар, инновациялық экожүйені қолдау бойынша шаралар қабылданған.

«Мемлекет басшысы, Н.Назарбаевтың бастамасымен біз АТ-стартаптардың халықаралық технопаркін (Астана Хаб) құру үстіндеміз. Бұл АТ-компанияларға, инвесторларға және басқа да тұлғаларға арналған цифрлы дамуды қолдауға арналған алаң. Ресми тұсаукесері ағымдағы жылдың 5 қарашасына жоспарланған. Мен баршаларыңызды осы маңызды оқиғаға шақырғым келеді. Біздің америкалық серіктестерімізді біздің  өршіл жоспарларымыздан максималды пайда көруге шақырамын. Біз әр түрлі инвестициялық артықшылықтарды және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға ниетті, сонымен қатар, әрине, Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі барлығына құшағымыз ашық», - деп түйіндеді өз сөзін А.Жұмағалиев.

Бұдан басқа, конференция шеңберінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Жұмағалиев «Chevron» компаниясының Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыс аймақтарындағы барлау және өндіру бойынша президенті Т.Леви, «Theia Group» компаниясының бас атқарушы директоры C. О’Нилл, «Baron Services» компаниясының вице-президенті Р.Барон, «RocketSpace Capital» компаниясының иесі Л.Каган,  «Network 1 Financial» компаниясының бас атқарушы директоры Р.Хантомс, «W.R. Grace» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры К.Коул, сонымен қатар, «Verno Capital» компаниясының инвестициялар бойынша бас стратегі Р.Нэшпен бірқатар екі жақты кездесулер өткізді. Энергетика, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар және сауда салаларындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі Е.Казыханов,  инвестициялар және даму жөніндегі вице-министр А.Қабікенов, ҚР Энергетика вице-министрі Б. Акчулаков, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.Тұяқбаев, «ТДҰА» АҚ Басқарма төрағасы М.Омаров және т.б. қатысты.

Конференция барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов өз кезегінде, шара қатысушыларымен АХҚО жұмысын және кеңейіп отырған Kazakh Invest аймақтық өкілдіктер желісінің инвесторларға қолдау көрсетуге бағытталған қызметін ескере отырып, Қазақстанда халықаралық бизнесті жүргізу және дамыту мүмкіндіктерін талқыға салды.

Форум қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластықтар жасау жоспарланған. 
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге