Баспасөз релиздері

Нидерландының Қазақстанға салған инвестициясы $100 млрд-тан асты

Нидерландының Қазақстанға салған инвестициясы $100 млрд-тан асты

Налдвейк қаласының «World Horti Center» халықаралық бау-бақша орталығында ресми тұлғалар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.

Қонақтарды Вестленд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендс, «World Horti Center» директоры Пак ван Холстейн, «Dutch Greenhouse Delta» директорының міндетін атқарушы Мирьям Бокестейн, сондай-ақ Нидерланды Корольдігінің Ауыл шаруашылығы, табиғат және азық-түлік сапасы министрлігінің Бас хатшы Ян-Кис Гет және арнайы елші Фредерик Воссенар қарсы алды.

IMG_0707.jpg

Вестленд муниципалитетінің мэрі Бауке Арендстің айтуынша, Қазақстан мен Нидерланды соңғы отыз жылда саяси, экономикалық және мәдени салаларда берік және сенімді ынтымақтастық орнатты. Елдер агроөнеркәсіптік, геологиялық барлау, тау-кен өндіру, металлургия және электротехника салаларында бірлескен жобаларды іске асыруды кеңейту үшін зор мүмкіндіктерге ие.

WhatsApp Image 2023-02-16 at 11.20.55 (1).jpeg

ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Нидерланды Қазақстан экономикасына салған инвесторлардың көшін бастап келеді деді. Соңғы 30 жылда тікелей инвестициялар шамамен $110 млрд құрады және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Нидерланды Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне кіреді. Сонымен қатар, соңғы жылдары сауда көлемі тұрақты өсуде. Бүгінде қазақстандық нарықта голландиялық капиталы бар 900-ден астам компания жұмыс істейді.

WhatsApp Image 2023-02-16 at 11.20.17.jpeg

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов таныстырды. Қазақстанның Еуразия орталығында стратегиялық орналасуы, табиғи ресурстардың көптігі, өндірістің тиімділігі және қолайлы инвестициялық ахуал экономиканың түрлі секторларында, әсіресе агроөнеркәсіптік кешенде жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, еліміз мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын, қолжетімді және білікті жұмыс күшін ұсынады. Сондай-ақ, ірі әлемдік нарықтарға шығу басты артықшылықтардың бірі болып табылады, деп атап өтті ол.

Нидерланды 2021 жылдың қорытындысы бойынша Еуроодақтағы ең ірі және әлемдегі екінші (АҚШ-тан кейін) ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік экспорттаушы мәртебесін сақтап қалды. Бұл туралы нидерланды тарапынан «Dutch Greenhouse Delta» директорының міндетін атқарушы Мирьям Бокестейн мен «Naktuinbouw» фитосанитариялық қызметі Бас хатшысының орынбасары Марко Хоффман айтты. Қазақстанда бизнесті дамытудың қаржы құралдары туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Қошкімбаев пен KIDF тікелей инвестициялар департаментінің директоры Азамат Алдияров айтып берді.

IMG_0522.JPG

Іс-шара аясында инвестициялық дөңгелек үстелге қатысушылар «World Horti Center» жылыжайларына шолу жасап, су және энергия үнемдеу технологиялары, биоқорғаныс және тамақтану, IT және жасанды интеллект негізіндегі шешімдер саласында жұмыс істейтін Нидерландтық компаниялардың қызметі туралы ақпарат ұсынылған стендтерді көріп шықты.

IMG_0565.JPG

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша «MJ Tech» пен Қазақстан жылыжайлар Одағы арасында ирригациялық жабдықтар өндіру жөніндегі жобаны іске асыру ынтымақтастығы туралы, «Royal GD» мен ҚР АШМ Республикалық ветеринариялық зертханалары арасында, сондай-ақ «Қарағанды ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС, «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және нидерландтық «Royal Eijkelkamp» арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Жоғарыда аталған іс-шарадан басқа қазақстандық делегация Налдвейк, Роттердам және Гаага қалаларында жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

«Invest International» (қаржы) инвестициялық қорының басшылығы Эльс Хантийспен келіссөздер нәтижелері бойынша Голландия үкіметі тарапынан экспорттық және жобалық қаржыландыруды қолдау бөлігінде оларды одан әрі қаржыландыру үшін голландиялық компаниялардың қатысуымен инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама:

«Invest International» 2021 жылдың қазан айында құрылған, бұл мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жеке компания. «Invest International» негізгі акционері Нидерланды Корольдігінің Үкіметі болып табылады.

Дамушы елдердің үкіметтері үшін «Invest International» дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға арналған Нидерландының мемлекеттік қорларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қолдау экспорттық қаржыландыруды, жобалық қаржыландыруды, сондай-ақ құн тізбегін қаржыландыруды қамтиды.

Сонымен қатар, «MJ Tech» (АӨК саласындағы технологиялар) компаниясының басшылығы Юриан Ван Ден Бремормен кездесу өтті. Ол Қазақстанның стратегиялық орналасуы қолайлылығын ескере отырып, көрші елдер үшін хаб бола алатынын және бау-бақша, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда қолданылатын жоғары қысымды тұмандандыру жүйелерін өндіру жөніндегі келесі Халықаралық жоба Қазақстанда орналасуы мүмкін екендігін жеткізді.

Анықтама:

«MJ-Tech» отбасылық компаниясы бау-бақша, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпте қолданылатын жоғары қысымды тұманға қарсы жүйелерді әзірлеуші, өндіруші және жеткізуші болып табылады. Компания тұжырымдамадан, жобалаудан, өз бөлшектерін өндіруден бастап құрастыруға дейін, сондай-ақ жеткізу, монтаждау және пайдалануға беру алдында тестілеуге дейін толық сүйемелдеуді ұсынады.

Компанияның өнімдері 50-ден астам елде қолданылады. Сонымен қатар, 2021 жылы Канадада өндіріс ашылды. Компания Қазақстанда өндірісті ашу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.

«Royal Eijkelkamp» (АӨК арналған жабдықтар) компаниясының директоры Альфред Гейтенбик одан әрі ынтымақтастық туралы, атап айтқанда Қазақстан Республикасында компост өндірісін жолға қою мүмкіндігі туралы ниетін растады.

Анықтама: 

«Royal Eijkelkamp» – 1911 жылдан бастап бүкіл әлем бойынша топырақ пен суды зерттеу жобаларына арналған шешімдерді әзірлейді, шығарады және жеткізеді.

Компания азық-түлік қауіпсіздігіне, урбанизацияға және топырақтың ластануына байланысты топырақ және су жобаларына арналған шешімдерді әзірлеу бойынша көшбасшы болып табылады.

Әлемнің 5 континентінде және 90-нан астам елде жұмыс істейтін компания далалық өлшеу жабдықтарынан бастап ақылды хабаршыларға дейін, Edelman шнектеріне бастап ультрадыбыстық бұрғылау қондырғыларына дейінгі өнімдер мен шешімдердің кең ауқымды жинағын ұсынады. Компания Қазақстан Республикасында компост өндірісін жолға қоюға мүдделі.

WhatsApp Image 2023-02-16 at 11.05.40.jpeg

Сондай-ақ, Роттердам портының басшылығымен кездесіп, порт инфрақұрылымымен танысу өтті. Роттердам порты бүгінгі күнге дейін Еуропадағы ең үлкен терең теңіз порты болып табылады және әлемдегі ең ірі порттардың ондығына кіреді. Бүгінгі таңда теңіз тасымалының көлемі орта есеппен 460 млн тоннаны құрайды, жыл сайын Роттердам портына кіретін кемелердің саны тек теңіз секторында 30 мың және ішкі жүзуде 105 мың кемені құрайды.

Қазақстандық делегацияның бағдарламасы Тұрақты аралық соттың (ТАС) бас хатшысы орынбасары Гарт Шофилдпен кездесумен аяқталды. 1899 жылы құрылған ТАС халықаралық қауымдастыққа дауларды шешудің әртүрлі қызметтерін ұсынатын үкіметаралық ұйым.

Жоғарыда аталған іс-шаралар біздің ел тарапынан ҚР СІМ, Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Елшілігі мен KAZAKH INVEST, Нидерланды тарапынан «World Horti Center» және «Dutch greenhouse Delta» ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге