Баспасөз релиздері

Үндістанның Tata Group компаниясы Қазақстанның энергетика саласында жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

Үндістанның Tata Group компаниясы Қазақстанның энергетика саласында жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

Үндістанның Tata Group трансұлттық компаниясы Қазақстанның энергетикалық секторына, оның ішінде электр көздерін жаңғырту және өткізу қабілеттілігін арттыру жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы компания өкілі Соурав Бхаттачария «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесуінде айтты.

photo1670497491.jpeg

Инвестордың айтуынша, қазақстандық нарық компания үшін маңызды екенін, жобаларды жүзеге асыруды бастауға дайын екенін білдірді. Үндістан тарапы Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне қызығушылық танытты.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалидың айтуынша, Қазақстанның энергетикалық жүйесі трансформациялану үстінде. Бұл жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жаңа қуаттарды енгізуді, сондай-ақ қолданыстағы энергетикалық жүйені, оның ішінде электр энергиясын тасымалдауды жаңғыртуды талап етеді. Сондай-ақ ол, Tata Group-қа Қазақстанның энергетика саласына ғана емес, ақпараттық технологиялар мен машина жасау салаларындағы жобаларға да инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

photo1670497491 (1).jpeg

Қазақстанның Үндістандағы Елшілігі, KAZAKH INVEST қолдауымен ұйымдастырған сапар аясында делегация сонымен қатар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесті.

photo1670502638.jpeg

Анықтама:

Tata Group - штаб-пәтері Мумбайда орналасқан үнділік көпұлтты конгломераттық компания. Капиталдандыру (2022 жылғы наурыздағы жағдай бойынша $311 млрд) және жалпы айналымы (2022 жылғы жағдай бойынша $128 млрд) бойынша Үндістандағы ең ірі компаниялардың бірі.

Компания 1868 жылы сауда компаниясы ретінде құрылған және қазіргі уақытта байланыс және ақпараттық технологиялар, машина жасау, материалдар, қызмет көрсету, энергетика, тұтыну өнімдері және химия салаларында жұмыс істейді.

Tata Group-тың 80-нен астам елде өкілдігі бар. Ол 8 бизнес секторындағы 114 компания мен филиалдардан тұрады. Tata Group мүлкінің 65,8 пайызы қайырымдылық қорларында. Tata Group компанияларында 935 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге