Баспасөз релиздері

INTERNATIONAL IFPA мен KAZAKH INVEST ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

INTERNATIONAL IFPA мен KAZAKH INVEST ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Тамақ өнеркәсібіне шетелдік инвесторларды тарту саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың INTERNATIONAL ISLAMIC FOOD PROCESSING ASSOCIATION Бас директоры Ұ.М. Шейх Билал ханмен кездесуі барысында талқыланды.

Кездесу аясында IFPA коммерциялық емес компаниясының басшысы Шейх Билал Хан Қазақстан Республикасының аграрлық азық-түлік секторына исламдық қаржы мен инвестициялардың қолжетімділігін қолдау және тамақ өнеркәсібіндегі іскерлік байланыстар мен стратегиялық әріптестіктерге жәрдемдесу бойынша ынтымақтастыққа мүдделілігін хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы елдеріндегі тамақ өнімдерін өндірушілер арасындағы екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Ұ.М. Шейх Билал Хан ИЫҰ-ға мүше елдер арасындағы тауарлар мен қызметтер алмасудағы кедергілерді жоюда Қазақстанға көмек көрсету мүмкіндігін атап өтті.


Келіссөздер барысында «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов түрлі салалық жеңілдіктер мен преференцияларды қамтитын шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ол ҚР-дағы өңдеу секторының аса маңызды және перспективалы тауашаларының бірі ретінде АӨК саласын дамыту қажеттілігінде ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті.  Айта кету керек, азық-түлік өнеркәсібі саласындағы жобаларды жүзеге асырумен қатар, тараптар аграрлық инвестициялық қорды құруға қатысты бірқатар тақырыптарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды, бұл «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ исламдық инвестицияларды тарту үшін аграрлық азық-түлік инвестициялық жобаларын «IFPA» - мен бөлісуге, сондай-ақ оларды ИЫҰ және АҚИҰ-ға мүше елдерде ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: IFPA коммерциялық емес ұйым болып табылады, ол серіктестер арқылы, экспорттаушыларды импорттаушылармен және инвесторларды жобалармен байланыстыра отырып, сондай-ақ нарықтық ақпаратты, оқытуды/білім беруді және іс-шараларды ұсына отырып, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына/Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына ("ИЫҰ/АҚИҰ") мүше елдердегі компаниялардың агроазық-түлік тауарлары экспортының өсуіне ықпал етеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге