Баспасөз релиздері

Kazakh Invest басшысы шетелдік инвестициялық қорлардың өкілдерімен кездесті.

Kazakh Invest басшысы шетелдік инвестициялық қорлардың өкілдерімен кездесті.

Астана экономикалық форумы алаңында «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев АҚШ-тың аса ірі қаржы институттарының өкілдерімен – «Oppenheimer» инвестициялық қорының атқарушы директоры Фарход Иногамбаевпен және «Шетелдік жекеше инвестициялар корпорациясының (Overseas Private Investment Corporation, OPIC) бас кеңесшісі Джон Моранмен кездесті.

Тараптар Елбасының ағымдағы жылғы қаңтарда АҚШ-қа сапары кезінде қол қойылған бірлескен инвестициялық жобалар мен сауда операцияларын қаржыландыру туралы меморандумның іске асырылу барысын, сондай-ақ әріптестіктің кейінгі бағыттарын талқылады. Шілде айында «Oppenheimer» және OPIC нақты инвестициялық жобалардың қаржыландырылуын талқылау үшін қазақстандық бизнесмендермен кездеседі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ «Da Vinci Capital» британдық басқарушы компаниясының әріптесімен кездесу болып өтті. Қордың тереңдей қайта өңдеу мен экспортқа бағдарланған АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жаңа технологиялар және ритейл саласындағы жобаларды қаржыландыру бойынша мүмкіншілігі талқыланды. Компанияда Ресей мен Украинадағы осындай жобаларды қаржыландырудың сәтті тәжірибесі бар.

Кездесулердің қорытындысы бойынша С.Тұяқбаев қаржы институттарының өкілдерін ағымдағы жылдың шілде айында Астанада болатын Kazakhstan Investment Round Table дөңгелек үстеліне қатысуға шақырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге