Атырауда мұнай-газ машина жасауды дамыту бойынша Форум өтті

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Атырау қаласында «IMB» Халықаралық Мұнай-газ машина жасауды дамыту орталығының форумы өтті. Іс-шара барысында салаға инвестицияларды дамыту мен тартудың өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ «Теңізшевройл», «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» үш ірі мұнай-газ операторларының Ашық есік күні ұйымдастырылды. Форумда ҚР Энергетика Вице-министрі Әлібек Жамауов, «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Әлібек Қуантыров, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалар департаменті директорының орынбасары Лейла Гимранова және т. б. сөз сөйледі.
Директордың орынбасары қатысушыларға ұлттық компанияның жұмысын, сондай-ақ Қазақстан Жергілікті және шетелдік инвесторларға ұсына алатын жаңа құралдар мен мүмкіндіктерді таныстырды. Л. Гимранова мұнай-газ машина жасау импортты алмастыру арқылы елішілік құндылықты дамытудағы жаңа өсу нүктесі болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Қазақстанда мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтары секторындағы өндіріс көлемі өткен жылы $72,7 млн құрады, ал 2023 жылы импорт көлемі $1 млрд құрады. Сондықтан, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың, атап айтқанда IMBC – нің көмегімен біз импортты алмастыру үшін басым тауарларды анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізудеміз, оларды игеру мүмкін, оның ішінде жұмыс істеп тұрған отандық кәсіпорындар базасында да», – деп атап өтті директордың орынбасары.
Л. Гимранова инвестициялар тарту жүйесінің тиімділігін арттыру және мұнай-газ жабдықтарын өндіруде инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа тәсілдерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Орталықтың IMB миссиясы Қазақстанда мұнай-газ тауарларын өндіруді талдау, біліктілік және ҚР машина жасау саласына инвестицияларға жәрдемдесу жөніндегі бастамаларды ілгерілету арқылы дамыту болып табылады.