Баспасөз релиздері

Отандық тауар өндіруші Алматы облысында құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асыруда

Отандық тауар өндіруші Алматы облысында құс фабрикасын салу жобасын жүзеге асыруда

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ержан Елекеев пен «Айтас KZ» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсейітованың кездесуі өтті. Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық компанияның «Алматы Жетісу құс фабрикасы» жобасын жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын талқылады. Жобаның қуаттылығы 240 мың тонна құс етін, оның ішінде 100 мың тонна шұжық өнімдері мен тәтті тағамдарды құрайды. Құны – 600 миллион доллардан асады. Жоба 2025-2029 жылдар аралығында Алматы облысында жүзеге асырылады және 6000 жұмыс орны ашылады.

Кездесу барысында Рабиға Тоқсейітова жобаны таныстырып, кәсіпорын іске асырылғаннан кейін ТМД елдері арасындағы ең ірі кәсіпорынға айналатынын айтты. Шикізат қазақстандық өндірушілерден сатып алынып, дайын өнім ішкі және сыртқы нарыққа шығарылады. Вице-президент жобаның табысты болуы бизнес пен мемлекеттің жемісті ынтымақтастығы арқасында мүмкін болатынын баса айта отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық келісімге қол қоюды жеделдетуге көмек көрсетуді сұрады.

Өз кезегінде Ержан Елекеев инвестициялық келісімге қол қою жобаларын мемлекеттік органдардың қарау мерзімі 2,5 айға дейін қысқартылғанын айтты. Басқарма төрағасы KAZAKH INVEST жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, компания мамандары барлық қажетті рәсімдерді жеделдету үшін мемлекеттік органдармен белсенді әрекеттесетініне сендірді.

Айтас 2.jpg

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру Қазақстанның ет өнімдері нарығындағы орнын нығайтып қана қоймай, Алматы облысында айтарлықтай жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ұлттық компания жобаның әлеуетін жоғары бағалайды және одан өңірдің экономикалық дамуына маңызды үлес қосуда.

Тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастық туралы келісті және жобаны жүзеге асырудың негізгі қадамдарын белгіледі.

 Анықтама үшін:

AITAS холдингінің құрамына: Орта Азиядағы ең ірі Макинск құс фабрикасы және елдегі ең көне Өскемен құс фабрикасы (жалпы өнімділігі 150 мың тонна/жыл), ТМД-дағы ең ірі Алматы асыл тұқымды құс өсіруші Наурыз Агро кіреді.

AITAS Холдингі жергілікті нарықтың шамамен 43%-ын құрайтын құс етін өндіру және өңдеу бойынша өз саласының көшбасшысы болып табылады. AITAS өндірісті аналық отарды өсіру мен инкубациялық жұмыртқадан бастап дайын өнімді қаптамаға дейін толық технологиялық циклмен басқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге