Баспасөз релиздері

Coca-Cola Шымкентте жаңа зауыт ашты

Coca-Cola Шымкентте жаңа зауыт ашты

Шымкентте Coca-Cola İçecek (CCI) компаниясының үшінші зауытының ресми ашылуы өтті. Жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 283 миллион литрді құрап, 150 жұмыс орнын ашады. Жобаның құны шамамен 27 миллиард теңгені құрайды. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.

Ресми ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илкер Пак, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Мишель Эркин, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Task Force жоба жетекшісі Айнұр Жұманбаева қатысты.

Орталық Азия және Кавказ CCI компаниясының аймақтық директоры Эрдинч Гүзел үкіметке, Шымкент әкімдігіне және жергілікті қоғамдастыққа баға жетпес қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол компанияның экономикалық әсеріне тоқталды.

«Бүгінгі таңда нарықтағы көшбасшы болып табылатын ССІ 1994 жылдан бері елге 106 миллиард теңгеден астам инвестиция салғанын мен мақтанышпен айта аламын. Бұл зауыт ССІ-дің сол инвестициялық үрдісінің дәлелі болып отыр. Өз кезегінде, Қазақстандағы жұмыс бүгінде ССІ үшін жетекші бизнестің бірі болып табылады. Бұл жетістік Қазақстан үкіметі жасаған қолайлы және әділ бизнес ортаның арқасында мүмкін болды. 2013 жылдан бері ССІ-дің Қазақстан бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдер түріндегі салымы 259 миллиард теңгені құрады, ал біздің экожүйеміздің елдің жалпы ішкі өніміне қосқан үлесі 475 миллиард теңгеге жетті».

5431451316976212754.jpg

«Шымкентте CCI Қазақстан жаңа зауытын салу жобасы Қазақстан мен Түркия арасындағы экономикалық байланысты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл зауыт жаңа жұмыс орындарын ашып, облыс экономикасының дамуына үлес қосып қана қоймай, Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі басқа да түрік компанияларына үлгі болмақ. Сонымен бірге, Coca-Cola İçecek Kazakhstan инвестициялық қызметін тоқтатуды жоспарлап отырған жоқ – біз еліміздің басқа өңірлерінде жаңа зауыттар салу мәселесін талқылап жатырмыз», - деді А.Жұманбаева.

Айта кетерлігі, зауыттың іске қосылуы жоба аясында ғана емес, сонымен қатар логистика, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, шикізатпен қамтамасыз ету, дистрибьюторлық орталықтар және т.б. сияқты аралас салаларда жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті экономикаға оң әсерін тигізіп, халықты жұмыспен қамтуды арттырып, өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырады.

Шымкенттегі зауыт басқа да Coca-Cola İçecek Kazakhstan кәсіпорындары сияқты сапа мен тұрақты дамудың қатаң халықаралық стандарттарын сақтайды. Компания қоршаған ортаға әсерін азайту үшін озық технологияларды, соның ішінде өндіріс процесінде су мен энергияны тұтынуды азайтуға арналған инновациялық шешімдерді енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа зауыт CCI Қазақстанның Орталық Азия нарығындағы қатысуын кеңейту, тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз ету және Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосуды жалғастыру стратегиясының маңызды бөлігі болады деп күтілуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге