Қытайлық компания Қазақстанда болат өндіру мүмкіндігін қарастыруда
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында Басқарушы директор Азамат Қожанов пен жобалар департаментінің директоры Бауыржан Айтқұловтың қытайлық «Jianlong» компаниялар тобының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында қытайлық инвесторлар ұлттық компания өкілдеріне Қазақстанда болат және оның өнімдерін шығаратын зауыт ашу мүмкіндігін зерттеп жатқанын айтты. Fortune Global 500 тізіміне енген Jianlong тобы Қытайдың болаттың толық өнеркәсіптік тізбекті өндірушілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта топ құрылымына Қытайда және шетелде жалпы өндірістік қуаты шамамен 42 миллион тонна болат өндіретін 14 болат зауыты кіреді. Jianlong сонымен қатар логистика, сауда, ванадий және титан өндірісімен, сондай-ақ үлестік инвестициялармен айналысады.

Өз кезегінде А. Қожанов Қытай өкілдеріне мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстанның инвестициялық ахуалы туралы айтып, ауыр өнеркәсіпте жобаларды іске асыру әлеуетімен таныстырды.
«Біз инвестиция тартудың жаңа тәсілін енгізіп жатырмыз, онда елдің бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып, басым секторларды анықтаймыз. Сондай саланың бірі – болат өндіру. Біз осы салаларға дайын инвестициялық ұсыныстармен инвесторлар тартуды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты біз болат өндіру және болат өнімдерін одан әрі өңдеу бойынша әлеуетті жобаларды іздеуде қажетті көмек көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Басқарушы директор.
Кездесу соңында тараптар перспективалы жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтасуға келісті.