Баспасөз релиздері

Канадалық компания ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру жобасын қарастыруда

Канадалық компания ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіру жобасын қарастыруда

Ағымдағы жылдың 18 қазанында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек канадалық «CanAgro» компаниясының Бас директоры Глен Келлермен және Қазақстандағы Канаданың Елшілігінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар компанияның Ақмола облысындағы Кокшетау қаласында ауыл шаруашылығы жабдықтарын өндіретін зауыт құрылысын жүзеге асыру жоспарларын талқылады.

Кездесу барысында Г. Келлер заманауи технологияларды пайдалана отырып агротехникалық жабдықтар өндіретін зауыт салу жоспарларын айтты. Инвестициялар көлемі $4-5 миллионды құрайтын жоба Қазақстанда шығарылған жабдықтарды сатуды, сондай-ақ Орталық Азия мен Ресейге экспорттауды көздейді. CanAgro 2025 жылдың ақпанында Қазақстанға алғашқы партияны өндіру үшін компоненттер жеткізуді бастауды жоспарлап отыр. Жобаның бастапқы кезеңін жүзеге асыру 20-30 жаңа жұмыс орнын құруды, өндіріс кеңейген сайын олардың санын арттыру мүмкіндігін қарастырады.

Кездесу барысында KAZAKH INVEST өкілдері канадалық компанияны мемлекеттік қолдау шараларымен және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша ұлттық компанияның жұмысымен таныстырды.

Кездесудің қорытындысында тараптар болашағы зор жобаны жүзеге асыруда ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге