Баспасөз релиздері

Қытайдың Фуцзянь провинциясының бизнесмендері Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруда

Қытайдың Фуцзянь провинциясының бизнесмендері Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыруда

KAZAKH INVEST Шанхайдағы ҚР Бас консулдығы және Фуцзянь провинциясы үкіметінің Коммерция департаменті ұйымдастырған Фуцзянь провинциясының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі конференцияға қатысты. Іс-шарада Фуцзянь провинциясының 1000-нан астам кәсіпорнының өкілдері болды.

KAZAKH INVEST-тің ҚХР-дағы Бас өкілі Қуаныш Амантай конференция қатысушыларына Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін, сондай-ақ ҚХР нарығында жоғары экспорттық әлеуетке ие қазақстандық өнімдерді өндіру бойынша инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.


Өз кезегінде Фуцзянь провинциясының компаниялары өз қызметтерін таныстырды. Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша бірқатар компаниялар көлік және логистика, медициналық материалдар мен жеке қорғаныс құралдарын өндіру, сантехника, сондай-ақ электрондық сауда саласында инвестициялық ынтымақтастықты жолға қоюға қызығушылық танытты.

Фуцзянь провинциясына жұмыс сапары аясында ҚХР-дағы KAZAKH INVEST Өкілдігі Қазақстанның Шанхай қаласындағы Бас консулы Р.Рахимовтың Фуцзянь провинциясының «China Council for Promotion of International Trade» төрағасы Сю Минмен кездесуіне қатысты. Кездесу барысында тараптар Фуцзянь мен Қазақстанкәсіпорындары арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ ағымдағы жыл ішінде ҚР инвестициялық ахуалын таныстыру бойынша бірлескен іс-шараны ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге