Баспасөз релиздері

Big Pharma Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруда

Big Pharma Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруда

Қазақстандық инвестициялық дөңгелек үстел (KGIR-2023) аясында денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Келісімдердің бірі «СК-Фармация» ЖШС мен «Пфайзер» арасында Қазақстанда пневмококк инфекциясының 20 серотипінен (Бұл ауыр ауру және оның салдары өмірге қауіп төндіруі мүмкін) нәрестелер мен балаларды қорғайтын Prevnar 20 вакцинасын жеткізу және одан әрі өндіру туралы келісім болды. Вакцинаны бұрын АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) мақұлдаған. Жобаны іске асыру ұзақ мерзімді перспективада жаңа жұмыс орындарын құруға және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Тағы бір маңыздысы кем емес келісім – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» ЖШС, «F.Hoffmann-La Roche Ltd», «Нобель Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ және Қазақстан Онкология және Радиология Ғылыми-зерттеу Институты арасындағы ұзақ мерзімді келісім. Шарт Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігіне қарсы тиімді үш биотехнологиялық препараттың өндірісін локализациялауды көздейді. Келісім тараптардың еліміздегі фармацевтика саласын дамытуға және инновациялық препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге деген ұмтылысын көрсетеді. «F.Hoffmann-La Roche Ltd» фармацевтикалық алпауыттың ісікке қарсы препараттар өндірісін локализациялауы елде өсіп жатқан емделушілер санын инновациялық түпнұсқалық препараттармен емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың тиімділігі халықаралық деңгейде дәлелденген.

WhatsApp Image 2023-11-21 at 15.07.06.jpeg

«РОШ компаниясы өзінің инновациялық препараттарының өндірісін локализациялау үшін Қазақстанды таңдағанына қуаныштымыз. Бұл Қазақстанда фармацевтика саласын дамыту үшін қажетті жағдайлардың, оның ішінде білікті кадрлардың, дамыған инфрақұрылым мен қолайлы инвестициялық ахуалдың бар екендігінің дәлелі. РОШ препараттарының өндірісін локализациялау Қазақстандағы және Орталық Азия елдеріндегі пациенттер үшін инновациялық дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ аймақтағы фармацевтика саласын дамытуға мүмкіндік береді», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба жетекшісі Дәулет Сақтағанов.

Келісім аясында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің базасында Зертханалық диагностиканың инновациялық оқу орталығы құрылды. Оның оқу бағдарламасы мамандардың біліктілігін арттыруға, қазақстандық зертханалық инфрақұрылымды нығайтуға және халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге