Баспасөз релиздері

Бен Дриггс: Біз ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз

Бен Дриггс: Біз ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Honeywell компаниясының өсу қарқыны жоғары жаһандық аймақтар жөніндегі президенті Бен Дриггстің, Қазақстанға екі күндік сапарын ұйымдастырды. Оның барысында ол Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Сапар барысында компания делегациясы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сондай-ақ салалық министрліктердің басшылығымен және Қазақстан Республикасындағы серіктестер әлеуетті тұлғаларымен кездесулер өткізді.

Жақында, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ көмегімен Қазақстанда Honeywell өндірісі іске қосылды, онда SIL3(үшінші деңгейдегі SIL белгісі бар сертификатталған жабдық) деңгейіндегі APCS және ESD басқару шкафтары (процессті басқарудың автоматтандырылған жүйесі және авариялық қорғаныс) құрастырылады.

Кездесулер барысында Бен Дриггс Қазақстанда Honeywell өндірісінің іске қосылуы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды кезеңі, сондай-ақ компанияның елдегі қатысуын кеңейту жолындағы алғашқы қадам екенін айтты. Қазіргі уақытта Honeywell компаниясы Қазақстанда көмірсутекті алу және пластикті қайта өңдеу технологияларына, сондай-ақ жасыл реактивті және дизель отынын өндіруге қатысты жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда.

«Honeywell үшін Қазақстан өңірлік хаб. Біз мұнай-химия, цифрландыру, тау-кен және балқыту, сондай-ақ тұрақты даму сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз. Алматыда ашылған зауыт бұл бағыттағы алғашқы қадам. Бұл жұмыс орындарының санын 150 бірлікке дейін арттыратын Қазақстандағы бірегей жоба. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді», - деді Бен Дриггс.

Анықтама:

Honeywell корпорациясы - өнеркәсіптік технологиялық компания және Fortune журналы құрастырған әлемдегі ең үздік 100 компанияның бірі. Корпорация бүкіл әлем бойынша тұтынушыларға аэроғарыш, арнайы материалдар, өнеркәсіптік және құрылысты басқару жүйелері сияқты салаларда қызмет көрсетеді. Honeywell озық ақпараттық технологияларды авиацияға, өндірістік зауыттар мен ғимараттарға жеткізуге көмектеседі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге