Баспасөз релиздері

Қазақстандық аймақтарды француз серіктестеріне таныстырудың инвестициялық марафонында Алматы облысы эстафетаны қабылдады

Қазақстандық аймақтарды француз серіктестеріне таныстырудың инвестициялық марафонында Алматы облысы эстафетаны қабылдады

Талдықорған - Париж, 15 сәуір 2021 ж. - Қазақстан аймақтарын француз серіктестеріне таныстырудың инвестициялық марафоны аясында, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен, Алматы облысының әкімдігі мен Францияның ірі бизнес қауымдастығы - MEDEF құрамындағы компаниялар арасында онлайн-кездесу өткізілді.

Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі Жан Ғалиев, Қазақстан-француз Іскери кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррер, сондай-ақ 30-дан астам француз іскер топтарының өкілдері,  Алматы облысының жетекші кәсіпорындары мен аймақтық даму орталығы қатысты.

Өңірдің артықшылықтарын таныстыра отырып, С.Тұрдалиев Алматы облысында жұмыс істейтін Lactalis, Danone, Soufflet, Leroy Merlin сияқты танымал француз компанияларының оң қызметін және Semmaris компаниясымен бірлесе сауда-логистикалық хаб құрылысы жобасының дамуын атап өтті.

Ынтымақтастықтың әлеуеті мен болашағы туралы айта отырып, форумның француз қатысушылары медициналық инфрақұрылымды, мал шаруашылығын, жылыжайларды дамыту жобаларына қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің тең төрағасы А.Кәрібжанов облыстың транзиттік-логистикалық әлеуетін, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі мен туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы облысының ерекше тартымдылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Ж.Ғалиев француз серіктестерін өзара тиімді серіктестіктерді табу үшін неғұрлым белсенді қадамдар жасауға шақырды және қазақстандық тараптың қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында «Kairos Advice AG» компаниясының бас директоры Айгүл Саинова, «Қарлығаш» ЖШС басшысы Арман Асенов пен француз кәсіпкері Дэвид Аммё арасында Талғардағы ешкі сүтінен ірімшіктер өндірісі жобасына инвестиция салу туралы ниет хатқа қол қою рәсімі өтті.

Жыл басынан бері осындай форматта Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының презентациялары өткізілді. Инвестициялық марафон аясындағы келесі кездесуді Жамбыл облысына арнау жоспарланған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге