Баспасөз релиздері

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Испандық компания Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Испанияның «MAXAM» химиялық компаниясының Атқарушы Директоры Хуан Карлос Гарсиамен кездесті. Келіссөздер барысында тараптар елімізде тау-кен өндіруге арналған арнайы құрамдас бөліктерді шығару бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Компания Қазақстан нарығында 2002 жылдан бері жұмыс атқаруда. Компанияның негізгі клиенттері тау-кен өндіру сегментіндегі компаниялар – «Қазақмыс» АҚ, «АрселорМиттал», «Казцинк», сондай-ақ «Богатырь Аксес Көмір» және «ЦентрАзияЦемент».

DSC_0366_3.jpg

MAXAM Атқарушы Директоры Хуан Карлос Гарсиа аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты компания өнімді тасымалдау мен шикізатқа қол жеткізуде қиындықтарға тап бола бастағанын айтты. Осыған байланысты компания өндіріс орындарын Ресейден Қазақстанға көшіру мүмкіндігін қарастыруда. Оның айтуынша, инвестиция көлемі 15 миллион доллардан асуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев Қазақстанға инвестиция салудың артықшылықтарын, елдегі қолайлы бизнес-климатты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтты.

DSC_0369.jpg

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов ұлттық компанияның қызметі туралы айтып, сонымен қатар испандық компанияны инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.

Испандық компанияның сапарын «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Елшілігі ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге