Түрік инвесторлары СҚО-да құны 2,2 млрд теңге фанер зауытын салды
Түрік инвесторлары «KAZAKH INVEST»ҰК»АҚ және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Кәсіпорынның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов, Атамекен ӨКП директоры Арман Оразғұлов және СҚО бойынша KAZAKH INVEST өңірлік директоры Данияр Шалабаев қатысты.
Өндіріс Петропавл құбыр зауытының бұрынғы цехы негізінде ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша, жыл сайын аумағы 10 мың шаршы метр болатын жаңа зауытта 18 мың текше метр ламинатталған фанера шығарылады. Жалпы құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жоба 150-ге жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
«Біз үшін оқшаулаудың жоғары пайызы маңызды. Сондықтан, негізінен, біз жоғары сапамен ерекшеленетін қазақстандық ағашты сатып алуды жоспарлап отырмыз. Ламинат Германиядан шығарылады және жеткізіледі. Жабдықты Түркия, Германия және Ресейден сатып алдық. Біз өндірілген өнімнің сапасына назар аударамыз. Сондықтан мұнда демдеу, желімдеу және баспақтауозық технологиялар қолданылады. Бүгінде қазақстандық нарықта ресейдің өнімдері кеңінен қолданылады. Қазақстандық өнімдер импорттық тауарларды алмастыра алады деп үміттенеміз», - деді «Солтүстік фанер комбинаты»ЖШС директоры Огузхан Челик.
Жаңа өндірісте өңдеудің заманауи технологиялары қолданылатын болады, бүкіл процесс автоматтандырылады. Зауыт аумағында қойма бөлмелері де жабдықталған.
«Бұл өндіріс тек біздің облыста ғана емес, бүкіл ел бойынша сұранысты қанағаттандыру үшін жұмыс істейтін болады. Шетелдік инвесторды тартудың арқасында облыста бірегей өндіріс құрылады. KAZAKH INVEST жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қолдау көрсетті. Соның ішінде, біздің көмегімізбен компания инвестициялық келісімшарт жасасты және қымбат тұратын жабдықты әкелуге кедендік баж салығынан босатылды», - деп хабарлады Данияр Шалабаев.
Ламинатталған фанера монолитті құрылыста және қалыптарды жасау үшін кеңінен қолданылады. Мұндай өнімдер Қазақстан нарығында үлкен сұранысқа ие. Солтүстік Қазақстан облысында бұл алғашқы жоба.