Баспасөз релиздері

Қазақстан-түрік бизнес-форумында 1,5 млрд. АҚШ долларды құрайтын 18 құжатқа қол қойылды

Қазақстан-түрік бизнес-форумында 1,5 млрд. АҚШ долларды құрайтын  18 құжатқа қол қойылды

Стамбұл қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Түрік Республикасының Вице-Президенті Фуат Октайдың төрағалығымен Қазақстан-түрік бизнес-форумы өткізілді.

Бұл іс-шара Қазақстан Үкіметі басшысының Түрік Республикасына жұмыс сапары барысында ұйымдастырылды.

Бүгінгі күні Қазақстандағы әрекет етуші шетелдік кәсіпорындар саны бойынша Түркия екінші орында – елімізде 2400-ге жуық түрік капиталының қатысуы бар ұйымдар қызмет етеді.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Түркия Қазақстан экономикасына 275 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция салды, бұл 2018 жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда екі есеге артық. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде түркия бизнесі еліміздің экономикасына 4 млрд. АҚШ доллар инвестициялады.

Форум жұмысына екі елдің ресми және іскерлік топтарының 100 қазақстандық және 500 түрік өкілдері қатысты.

Өз сөзінде А. Мамин Қазақстан мен Түркия инвестициялық серіктестікті дамыту үшін зор әлеуетке ие деп атап өтті, сондай-ақ, екі елдің бизнесмендерін іскерлік байланыстар орнатуға және өзара пайдалы жобаларды іске асыруға шақырды.

Өз кезегінде, Ф. Октай Қазақстан Тәуелсіздік жылдары және нарықтық экономикаға өту кезеңі ішінде экономиканың тұрақты дамуын және қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ете отырып, зор жетістіктерге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасында сәтті әрі тиімді қатынастардың жоғарғы деңгейіне қол жеткізді деп атап өтті.

Сонымен бірге, форум алаңында АӨК мен ТКМК, жеңіл және химия өнеркәсібі, көлік және инфрақұрылым, машина жасау, денсаулық сақтау, туризм және тұрғын үй құрылысы салаларындағы серіктестік жөнінде жалпы сомасы
1,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 18 құжатқа қол қойылды.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация форум алаңында өз мүмкіндіктерін презентациялап қоймай, әлеуетті әріптестермен арнайы алаңдарда «B2B» және «B2G» үлгісінде 200-ге жуық кездесулер мен келіссөздер жүргізді.

«Біздің компания инвестициялық жобаларды іске асыру келешегі мен шарттарын талқылау кезінде Қазақстан Үкіметі атынан бірыңғай келіссөз жүргізуші болып табылады. Бүгінгі күні KAZAKH INVEST түрік бизнесмендерімен бірлесіп экономиканың басым секторларында жалпы сомасы 1,6 млрд. АҚШ доллары болатын 16 жобаны пысықтауда. Біз сіздерге кез-келген сұрақтар бойынша 24/7 режимінде қолдау көрсетуге әзірміз», - деп атап өтті түрік тарапының өкілдерімен екіжақты кездесулер шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Ресми іс-шаралар еске түсіру және сенім жағдайында өткізілді, сондай-ақ, тараптар қол жеткізілген келіссөздер мен қабылданған шешімдер Қазақстан мен Түркия елдерінің игілігіне қызмет етеді деп атап өтті.

Қазақстан-түрік форумының ұйымдастырушылары ретінде ҚР Сыртқы істер министрлігі (Инвестиция комитеті, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Бас консулдығы), «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, сондай-ақ, Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEİK) қатысты.

Қол қойылған құжаттар тізімі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге