Жылыжайларды салу

Инвестициялаудың негізгі перспективалық бағыттарының бірі қазіргі заманғы жылыжайлар салу болып табылады.
Түркістан, Алматы, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында орналасқан жылыжай шаруашылықтары алаңдарының негізгі бөлігі.
Статистика деректері бойынша 2019 жылы аталған жылыжайлар алаңынан 1236,5 га көкөніс өндірілуде, оның 501 га қияр және 706 га қызанақ.
Жылыжай шаруашылықтарының алаңдары*
Көкөніс дақылдарының арасында қызанақ пен қияр ең көп таралған және маңызды азық-түлік өнімдері болып табылады
Қызанақ пен қиярды тұтынуды жан басына шаққанда 18,5 кг болды, бұл тұтынылатын көкөністердің жалпы көлемінің 20%-ін құрайды.
Көршілес елдермен баға диференциалы
2019 жылы ҚР-ның қызанақтарына орташа бөлшек сауда бағасы 474,2 теңге/кг құрайды, бұл РФ-тағы орташа бөлшек сауда бағасынан 25%-ке төмен. Қияр бағасы 382 теңге/кг РФ-тың бағасынан 19%-ке төмен.
Маусымаралық кезеңде Қазақстан қызанақ пен қияр импортына тәуелді
Тапшылық шетелдік импорт есебінен жабылуда, бұл 2019 жылы 43,4 мың тонна қызанақ пен 5,9 мың тонна қияр болды.
Осы көкөніс дақылдары импортының жиынтық алмасуы экспорт көлемінен бір жарым еседен асады.
ҚР бойынша жалпы ауданы: 1236.5 га, оның ішінде: 501 га қияр және 706 га қызанақ *2019 жылғы деректер бойынша
Қызынық пен қиярдың жиынтық тұтынылуы: адам басына шаққанда 18.5 кг = жалпы көлемнің 20%
бөлшек саудада өткізетін орташа құны:
382 теңге/кг (РФ-ке қарағанда 19%-ке арзан)
бөлшек саудада өткізетін орташа құны:
474.2 теңге/кг (РФ-ке қарағанда 25%-ке арзан)
Шетелдік инвесторлар тарапынан экспорттық әлеуеті
ЕАЭО елдері, атап айтқанда РФ қызанақ пен қиярдың ірі импорттаушылары болып табылады, бұл нысаналы ірі және ауқымды өткізу нарығына қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен, 2019 жылы Ресей 558 мың тонна қызанақ пен 100 мың тонна қияр импорттады.
Сонымен қатар, Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының 9 аймағының жалпы халқы 19 миллионнан астам адамды құрайтынын атап өткен жөн.
Қазақстанмен шекаралас Ресей Федерациясының
9 аймағының жалпы халқы 19 млн адамды құрайды
ДАЙЫН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
Алматы обылысындағы жылыжай кешенін кеңейту
Батыс Қазақстан облысына жылыжай кешенін салу
Павлодар облысына жылыжай салу
Солтүстік Қазақстан облысына жылыжай кешенін салу
Алматы облысындағы жылыжайды 40 га-ға дейін кеңейту
