Іс-шаралар

Көп бейінді университеттік аурухана құрылысының концессиялық жобасы бойынша халықаралық инвесторларға арналған роуд-шоу туралы

Көп бейінді университеттік аурухана құрылысының концессиялық жобасы бойынша халықаралық инвесторларға арналған роуд-шоу туралы

Онлайн


Денсаулық сақтау министрлігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, Kazakhstan Project Preparation Fund және KPMG қатысуымен 2020 жылғы 11 желтоқсанда Халықаралық инвестициялық қоғамдастық үшін онлайн-форматтағы роуд-шоу шеңберінде «Алматы қаласында 300 орындық көп бейінді университеттік аурухана салу және пайдалану» денсаулық сақтау саласындағы концессиялық жобаның тұсаукесерін өткізеді.

Қатысуға мемлекеттік органдардың, медициналық сектордың, денсаулық сақтау объектілеріне қызмет көрсетудің, отандық және шетелдік қаржы ұйымдарының өкілдері шақырылды.

Роуд-шоу бағдарламасы Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын, Алматы қаласындағы 300 төсектік университеттік аурухана жобасын таныстыруды және мүдделі тұлғалардың қатысуымен онлайн-кездесуді көздейтін қатарынан үш секцияның жұмысын қамтиды.

Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы туралы Ұлттық экономика министрі Р. Е. Дәленов, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ» Басқарма Төрағасы Б. М. Сартбаев және Денсаулық сақтау министрі А. В. Цой баяндама жасайды.

Қатысушыларға жобаның техникалық, экономикалық және құқықтық аспектілерімен танысуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, олар концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың рәсімдері туралы хабардар етіледі.

Халықаралық практикаға сәйкес, МЖӘ-нің ұқсас жобалары бүкіл әлемде, атап айтқанда Ұлыбританияда, Германияда, Түркияда, Польшада, Канадада, Австралияда, Жапонияда және әлемнің басқа елдерінде іске асырылады.

«Алматы қаласында 300 төсектік көп бейінді университеттік аурухана салу және пайдалану» концессиялық жобасының мақсаты жеке инвестицияларды тарту, студенттерді, интерндерді, университет ауруханасы базасында резидентура тыңдаушыларын клиникалық даярлау сапасын арттыру, қазіргі заманғы озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелер негізінде медициналық көмектің қолжетімділігі, практикалық денсаулық сақтауға нәтижелер трансфертімен клиникалық және зертханалық ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы технологиялар мен халықаралық компаниялардың тәжірибесін ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болып табылады.  

Уақыты: 12.00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) 

                9.00 (Стамбұл қ. уақыты бойынша)

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге