Іс-шаралар

Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел

Астана қаласы, Сауран к-сі, 46, HiltonAstana қонақ үйі

2022 жылдың 19 қазанында Астана қаласында (HiltonAstana қонақ үйі, Сауран к-сі, 46) жылсайынғы Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan Global Investment Roundtable, KGIR-2022) өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, оған жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің, инвесторлардың, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшыларының 500-ден астам өкілдері шақырылған. Қазақстан жағынан шараға салалық министрліктер мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық бизнес өкілдерінің жетекшілері қатысады.

KGIR-2022 күн тәртібінде талқыланатын мәселелер - әлемдік экономиканың дамуы, жаһандық және өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен логистика.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің талаптарына сәйкес, іс-шараға міндетті түрде тіркеуден өту қажет. KGIR-2022-ге қатысу үшін, https://kgir2022.kz/ сайтында 2022 жылдың 15 қазанына дейін тіркеле аласыз.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге