Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің 5-отырысы
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және Stadler Kazakhstan 2025 жылдың 28 қарашасында The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйінде өтетін Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесінің 5-отырысына қатысуға шақырады. Іс-шара «NC KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен өтеді.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және Швейцария Конфедерациясының Вице-президенті, Федералдық кеңесші, Экономика, білім және зерттеулер жөніндегі федералдық департаменттің басшысы Ги Пармелан төрағалық етеді.
Іс-шара екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ энергетика, машина жасау, кәсіби-техникалық білім беру, қалдықтарды басқару, фармацевтика және теміржол көлігі сияқты басым бағыттар бойынша перспективаларды талқылауға арналған негізгі платформаға айналады.
Іс-шараға Швейцарияның 30-дан астам жетекші компаниясы қатысады. Олардың қатарында Kuehne + Nagel International AG (логистика), Novartis Kazakhstan, F. Hoffmann – La Roche (фармацевтика), Nestlé Food Kazakhstan (азық-түлік өнеркәсібі), Glencore / Kazzinc Holdings (тау-кен және металлургия), Buhler AG (инжиниринг және өндіріс), Constellium (алюминий бұйымдары), Leica Geosystems Kazakhstan (өлшеу жүйелері), Sika Central Asia (құрылыс химиясы) және AsstrA-Associated Traffic AG (логистика және көлік) сияқты компаниялар бар.
Отырыс өткізу Қазақстан мен Швейцария арасындағы диалогты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, тікелей байланыстарды кеңейтуге және екі елдің экономикалық әріптестігін дамытуға ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды кезең болмақ.
Қатысу үшін 2025 жылдың 26 қарашасына дейін келесі сілтеме арқылы тіркелу қажет: https://forms.gle/gLh9T6dayy6mRd8s9