Басқарма

Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Айбол Арғынғазинов 1993 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, сондай-ақ Ұлттық зерттеу университетінің «Жоғары экономика мектебі» экономикалық ғылымдар факультетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 

2017–2019 жылдары «Казконтент» АҚ-да талдау және мониторинг бөлімі басшысы, Макроэкономикалық зерттеулер және болжау орталығы директорының орынбасары, сондай-ақ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Әлемдік экономика және талдау орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2019–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, кейіннен Басшы хатшылығының сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2022–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры қызметін атқарды.

2024 жылдан бастап осы қызметке тағайындалғанға дейін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Басқарма төрағасы болды.

2025 жылғы 3 наурыздан бастап Айбол Арғынғазинов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып табылады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге