Мадияр Султанбек
Басқарма Төрағасының орынбасары
Мадияр Султанбек 1983 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін физик, физика оқытушысы, референт-аудармашы мамандығы бойынша бітірген (2005). The Open University Business School, Ұлыбританияда (2008) кәсіби басқару дипломын (DipMgmt) алды. Мәскеу қаласындағы "ЛИНК" халықаралық менеджмент институтында МВА дәрежесін (2014) және логистика және көлік академиясында ғылым магистрі дәрежесін (2021) алды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде PhD докторантура бағдарламасының түлегі (2024).
М. Султанбек еңбек жолын 2007 жылдың қазан айында "КаР-Тел" ЖШС (ТМ Beeline, Beeline Business) филиалының коммерциялық директоры ретінде бастады.
2013-2014 жылдары "Қазгидромет" РМК стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары қағаз өндіру, балық өнімдерін қайта өңдеу, автомобиль жолдарын салу және т. б. салаларда сату және операциялық тиімділік бойынша консалтингтік және оқытушылық қызметпен айналысты.
2016 жылғы қазаннан 2019 жылғы ақпанға дейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ - "Бизнесті трансформациялау орталығы"бизнесті цифрлық трансформациялау жобаларының жетекшісі болып жұмыс істеді.
2019 жылдың ақпан айында М.Султанбек "Самұрық-Қазына" АҚ Бизнесті трансформациялау жобаларының портфелін басқару жөніндегі директор лауазымына ауысып, 2020 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді.
2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың тамызына дейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ - "көпфункционалды қызмет көрсету орталығы "филиалының директоры қызметін атқарды.
2024 жылғы 5 тамыздан бастап Мадияр Султанбек "KAZAKH INVEST "ҰК"АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары, Басқарма мүшесі болып табылады.