Айжан Абақанқызы Наурызғалиева
Тәуелсіз директор – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі
Білімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) экономикалық және әлеуметтік жоспарлау мамандығы бойынша (1993 ж.), Торонто қ. Йорк университетінің іскери басқару факультетін (1994 ж.), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын (1997 ж.) бітірген.
Еңбек жолы:
1993 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 1994 жылдың 1 сәуіріне дейін - «Қазтрансбанк» АКБ сыртқы экономикалық байланыстар және валюталық операциялар бөлімінің 1 санатты экономисі.
1994 жылдың 1 сәуірінен бастап 1994 жылдың 13 маусымына дейін - «Қазтрансбанк» АКБ сыртқы экономикалық байланыстар және валюталық операциялар бөлімінің бас экономисі.
1994 жылдың 2 шілдесінен бастап 1994 жылдың 2 желтоқсанына дейін - Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі жанындағы шетелдік инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің инфрақұрылымдық жобаларды талдау бөлімінің жетекші маманы.
1994 жылдың 20 қыркүйегінен бастап 1995 жылдың 1 қазанына дейін - Қазақстан Эксимбанктың жобаларды талдау департаментінің құрылыстағы жобаларды талдау бөлімінің жетекші маманы.
1995 жылдың 1 қазанынан бастап 1996 жылдың 5 қыркүйегіне дейін - Қазақстанның Эксимбанктың отын-энергетикалық кешеніндегі және тау-кен металлургия кешеніндегі жобаларды талдау бөлімінің жетекші маманы.
1996 жылдың 9 қыркүйегінен бастап 1997 жылдың 1 қыркүйегіне дейін - Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясының халықаралық экономика және халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының оқытушысы.
1997 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2002 жылдың 1 ақпанына дейін - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономика және халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы.
2002 жылдың 4 ақпанынан бастап 2003 жылдың 26 мамырына дейін - «Сана Консалтинг» ЖШС сарапшысы.
2003 жылдың 2 маусымынан бастап 2011 жылдың 3 мамырына дейін - «Рахат» АҚ-ның бюджет бөлімінің экономисі, сапа менеджменті жүйесінің тобының жетекшісі, ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімінің бастығы - сапа нұсқаулығының өкілі.
2011 жылдың 3 мамырынан бастап 2012 жылдың 1 қарашасына дейін - «Рахат» АҚ-ның директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - перспективалық жоспарлау бөлімінің бастығы.
2012 жылдың 13 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 10 тамызына дейін - «Қазақстанның Тамақ кәсіпорындарының одағы» ЗТБ вице-президенті.
2017 жылдың 18 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ президенті.