+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Директорлар кеңесі

Феттах Таминдже

Тәуелсіз директор – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

1972 жылы 1 ақпанда Түркияда дүниеге келді.

Биографиялық мәліметтер:

Таминдже мырза Анталия қаласында (Түркия) Гази атындағы лицейде білім алды, сондай-ақ, Людвига-Максимилиана атындағы Мюнхен университетінде (Германия) экономика және неміс әдебиетін оқыды. Одан соң Эскишехир қаласында (Түркия) Анадолу университетінде білім алып экономист мамандығын игерді. Сондай-ақ, АҚШ-тың Иллинойс штатының Нокс университетінде экономика ғылымдарының бакалавры дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

Таминдже мырза студент бола тұра кәсіпкерлік қызметін бастады. Бүгінгі күні оның кәсіпкерлік қызметі мен инвестициялары ауқымды салаларға, оның ішінде, туризм, қонақ үй шаруашылығы және инвестициялар, құрылыс және жылжымайтын мүлікті дамыту қызметтеріне таралады. Елдің жылдам темпін ескере отырып, Таминдже мырза өз қызметін Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, атап айтқанда, Түркия, Ресей, Қазақстан, Украина, Дубай, Ливия және т.б. елдерге бағыттады.

2000 жылы негізі қаланған Таминдже мырзаның компанияларының бірі Sembol Construction. Негізін қалаған қысқа мерзім ішінде Sembol Construction компаниясының жетістіктері мынадай: люкс санатындағы қонақ үйлерді жобалау және салу (Түркия, Қазақстан, Ресей, Хорватия, БАӘ, Египет, Швейцария және Грузия елдерінде).

Қазақстан Республикасы зор әлеуетке ие ббола отырып соңғы жылдары әлемнің ілгері дамушы елдерінің бірі болды. Sembol Construction Түрік компаниясы маңызды объектілерді қысқа мерзім ішінде салып бітіріп, Қазақстанның замануи бейнесін қалыптастыруға қолдау білдірді. «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығын қолданысқа бергеннен басқа, «Sembol Construction» компаниясы «Астана-Арена» футбол стадионын, «Бейбітшілік және Келісім Сарайын», «Нұр-Әлем» көрме сферасын, «Нұрлы Жол» темір жол вокзалын, Конгресс-орталық, Тәуелсіздік Сарайы, Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Қоры-Қазақстан Республикасы Ұлт көшбасшысының, Ұлттық әскери академисы ғимараттарының құрылысын аяқтады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бейбітшілік және Келісім сарайы» жобасы халықарлық бұқаралық ақпарат құралдарымен танылды. 2007 жылғы 5 наурыздағы «The Sunday Times» газетінде Хью Перамнс (Hugh Peramns) былай деді: «Лорд Фостер жобалаған пирамида үлгісіндегі ғимарат әлем ғажаптарының біріне айналмақ».

«Sembol Construction» компаниясы нарықтағы жетекші ойыншы ретінде қатысып өз бизнес-стратегиясын қайта қарастырды. Қазақстан, Ресей, Украина, Хорватия және Түркия елдерінде әзірлеуші-инвестор ретінде танылып құрылыс қызметтерінің диверсификацияланған порфолиосын ұсынды. 2010 жылы британ архитекторы Норман Фостер әзірлеген «Хан-Шатыр» Сауда-ойын сауық орталығы жобасының  құрылысын аяқтады.

«Sembol Construction» компаниясы аса құрметті Норман Фостер, Брайан Кларк, Эндрю Пфайффер, Аткинс, Civic arts, Grant Leisure, Buro Happold и Studio Dinnebier сияқты архитекторларды тартқаны үшін тенымал.

Rixos Hotels: Таминдже мырза жаңа мыңжылдықтың басында Түркияда бірінші люкс санатындағы белгілі Rixos қонақ үйлер желісін ашып негізін қалады. Бүгінгі күні Rixos Hotels люкс санатындағы 15-тен астам қонақ үйлерге меншік етеді және басқарады. Желі салтанатты курорттық қонақ үйлер ішінде әлемдік көшбасшы болып табылады.

Таминдже мырза үйленген, төрт баласы бар.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге