Жетістік тарихы

Schneider Electric

Schneider Electric - Француз энергетикалық машина жасау компаниясы, энергияны басқару және өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі, өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетикалық қосалқы кешендеріне, азаматтық және тұрғын үй объектілеріне, деректер орталықтарына арналған жабдықтар өндірушісі.

2015 жылғы 4 ақпанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ "KMG Systems & Services" ЖШС еншілес ұйымы және "Schneider Electric" компаниясы атынан "KMG Automation"ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды.

Компания Қазақстан өнеркәсібінің әртүрлі салалары және бірінші кезекте мұнай-газ кешені үшін әлемдік деңгейдегі технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша жобаларды әзірлейді және іске асырады.

Компанияның негізгі міндеті жергілікті кадрлық әлеуетті дамыту және өнеркәсіптік автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз ету және энергияны басқару саласында Қазақстанда жүйелердің жергілікті құрастырылуын өрістету болады.

Бірлескен кәсіпорын Қазақстандағы Schneider Electric компаниясының "өнеркәсіптік автоматтандыру" бизнес бөлімшесін қамтиды және ҚР Мұнай-газ саласындағы Эксклюзив құқығында Foxboro, Triconex, SimSci, Avantis және Wonderware сауда маркаларымен өнімдер мен шешімдерді ұсынады.

2018 жылдың 14 желтоқсанында Foxboro by KMG Automation маркасымен қысым датчиктерін өндіру бойынша жаңа құрастыру желісінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан үшін бірегей өндіріс цифрландыру мемлекеттік бағдарламасы мен импортты алмастыру саясатын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады. 1 кезеңде өнім шығарудың есептік көлемі-жылына 2 мың бірлікке дейін.

"KMG Automation" ЖШС - қысым датчиктерін өндіру

Құрылтайшы: Schneider Electric (Франция) 51%, "KMG Systems & Services" ЖШС 49%.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау қаласы, Қазақстан, 060002, Уәлиханов көшесі 6.

Жобаның құны: 3.5 млн, АҚШ доллары (1200 млн. теңге)

Жұмыс орындары: пайдалану кезеңінде: 5

Кезең: 2018 жылғы маусым - 2018 жылғы қараша

Жобаның заттай көріністегі қуаты: жылына 4 мың дана

Өткізу нарықтары: ішкі нарық – 100 % (ҚазМұнайГаз)  –

Әлеуметтік-экономикалық тиімділік:

  • Мұнай-газ саласында сатып алынатын жабдықтар мен жиынтықтауыштар тізбесіндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту;
  • Қазақстан Республикасына одан әрі инвестицияларды ұлғайту;
  • Персоналды жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істеуге оқыту, кадрлардағы жергілікті қамтуды арттыру.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге