Жетістік тарихы

Eni


Лука Виньяти
Атқарушы вице-президент
Орталық-Азиялық аймақ

Қазақстандық Эни филиалдарының барлық командасы атынан «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұжымына Қазақстанның жаңартылатын энергия көздері секторында Эни инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз 2018 жылғы 3 шілдеде Аджип Қарашығанақ пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ арасында жасалған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде жаңа жобаларды іске асыруда біздің компанияның бастамаларына жәрдемдесу бойынша Сіздің күш-жігеріңізді жоғары бағалаймыз.

Сіздің қолдауыңызбен біздің «Arm Wind» ЖШС жергілікті филиалдардың бірі Ақтөбе облысында қуаты 48 МВт «Бадамша» жел электр станциясының құрылысын сәтті аяқтады. Сонымен қатар, 2019 жылдың соңында «Arm Wind» ЖШС қуаты 48 МВт «Бадамша» ЖЭС кеңейту және Түркістан облысында қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу бойынша тағы екі жобаны іске асырмақ.

Қазақстан Эни компаниясы ЖЭК нарығына кірген әлемдегі алғашқы ел болды. Бұл «Kazakh Invest» ҰК» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті барынша қолайлы жағдайлар жасау миссиясын толығымен ұстанатынының айқын дәлелі болып табылады.

Біз «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның ұжымына әр түрлі инвестициялық алаңдарда қажетті ақпаратты ұсынуға көмектескендері үшін, инвестициялық преференциялар мүмкіндіктері үшін, сондай-ақ жергілікті мүдделі тараптармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіргені үшін алғыс айтқымыз келеді.
Біздің жобаларымызды іске асыруға қосқан зор үлесіңіз үшін тағы да шын жүректен алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер.

Біз сіздің сеніміңізді жоғары бағалаймыз және ағымдағы және болашақ жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз.



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге