Серіктестер біз туралы

Юсуф Акбулут, «Celkonsan Makina» бас директоры




Суреттер


Менің атым Юсуф Акбулут, мен "Celkonsan Makina" компаниясының бас директорымын. Алдымен біз филиал ретінде ашылып, содан кейін Қазақстанда, Алматы қаласында, Қаскелең облысында өз зауытымызға инвестиция салдық. Біз 2017-де құрылысты бастап, шамамен 2018-да аяқтап, Қаскеленде өндірісті бастадық. Қазір біз жол тосқауылдары мен металл құрылымдарын шығарамыз, сонымен қатар бізде мырыштау цехы бар, онда біз ыстық мырыштау процесін қолдана аламыз. Бастапқыда Қазақстанға инвестиция салуға қатысты нақты көзқарасымыз болмады, уақыт өте келе біз көзқарасымызды қайта қарастырып, Қазақстанға инвестия салуға бел бұрдық. 5-6 ай өткен сон, жұмыстын қарқыны куткеннен асып, осы күннен бастап, инвестицияларымызды арттырғымыз келеді. 2021 жылы Алматы қаласы өнеркәсіптік аймағына инвестициялау үшін мүмкүндік берді. Енді біз маусым айының басында құрылысты бастауды жоспарлап отырмыз. Өндіріс процессін аяқтағаннан кейін, инвестиция салуға болатын жобалардын, тәжірбиемізбен бөлісе алмыз. Осы инвестициялардың арқасында, біз өз қуаттылығымызды тағы екі есеге арттырамыз. Бастапқы кезінен және қазіргі танда Қазақстан Үкіметі, Kazakh Invest Қазақстан елшілігімен бірлесе отырып, бізге көп көмек көрсетуде. Қандай да бір мәселелер туындаған кезде, олармен бірден байланыстамыз, өйткені олар біздің сұрағымызды бірден шешуге тырысып немесе дұрыс кеңес береді. Осы екі жылдын ішінде Қазақстандағы өндірісіміз толық қуатпен жұмыс істеп, басшылығымыз Қазақстанның әлеуеті өсіп келе жатқанын көре отыра, Қазақстанда тағы бир фабрика ашуды жоспарлап отыр. Жаңа инвесторлар біздін жолымызды қуып, кез-келген салаға инвестиция сала алады деп нық айта аламын. Қазақстан Үкіметі мен Kazakh Invest компаниясы өз тарапынан барынша қолдау көрсетеді. Валютанын тұрақтылығына байланысты, алдағы екі жылды жоспарлаумен мәселе туындамайды. Ел үкіметі өте қатал, дәлірек айтсақ, қатал емес, күшті. Жаңа инвесторларға осында келіп, нарықты зерттеп, инвестиция салуды ұсынамын.

- Сіздің ойыңызша, жаңа инвесторлар үшін Қазақстан туралы үш басты фактімен бөлісіңізші?

Ең алдымен, Қазақстан үлкен аумақты алып жатыр және жолдары көп, біз жол кедергілерін өндірушілер тұрғысынан осылай талқылаймыз. Қазақстан әрқашанда Ресейден тауар тасымалдайды. Енді Қазақстан өз елінде жасалған өндірісін жасағысы келеді, сондықтан сіздің бәсекелестеріңіз көп болмайды. Жаңа жобаны бастаған кезде, Үкімет сізге қолдау, қаржылық көмек, салық жеңілдіктері салаларында көмек көрсететін болады. Қорытындылай келе, біріншіден, бәсекелестердің болмауына байланысты жұмыс істеу үшін көптеген мүмкіндіктер мен салаларды атап өткім келеді. Сондай-ақ, екіншіден, мемлекет пен Kazakh Invest компаниясының қолдауын атап өткен жөн, олар сізді салықтан босатады және инвестициялар үшін кеңістік ұсынады, мұндай жағдайды басқа елдерде сирек кездестіруге болады. Үшіншіден, мен Қазақстанды тарихи отанымыз әрі бауырлас ел деп санаймын.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге