Баспасөз релиздері

Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды

Алматы облысында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыт іске қосылды

Алматы облысының Іле ауданында энергиялық тиімді сорғылар өндіретін зауыттың іске қосылуының нәтижесінде 50-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Инвесторы немістің «WILO SE» компаниясы. Зауыттың ресми түрде ашылу салтанаты келесі аптаға жоспарланған.

«WILO SE» инженерлік жүйелерге, сумен жабдықтау жүйелірне, су тарту және өнеркәсіп салаларына арналған сорғылар мен премиум-класс сорғы жабдықтарын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың бірі. Компанияның әлемнің 60 елінде өкілдігі бар.

Зауыт жылына шамамен 570 бірлік консольдық сорғылар, өрт сөндіру және қысымды көтеру станцияларын, қосарланған сорғыларды және т.б. шығаратын болады. «Kazakh Invest» тарапынан шетелдік инвесторға компания өнімдерін сертификаттауды ұйымдастыруға көмек көрсетілді.

«WILO SE» зауытына машина жасау саласының алдыңғы қатарлы технологиясы енгізілуде. Бұл Қазақстан Республикасында осы саланы дамытуға оң серпін береді, деп үміттенеміз», - деп атап өтті «WILO SE» өкілі.

Технологиялық процессте «WiloCare» инновациялық пакетін пайдаланылатын болады. Ол сорғылар мен жүйелердің жұмысын үнемі бақылап отыруға, оларға техникалық қызмет көрсету мен оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге