Баспасөз релиздері

Жапония Қазақстанға инвестиция салудың жаңа бағыттарын қарастыруда

Жапония Қазақстанға инвестиция салудың жаңа бағыттарын қарастыруда

Қазақстан мен Жапонияның инвестициялық ынтымақтастығының перспективалары Ұлттық апта аясында "CAVEХ II" виртуалды көрмесінде талқыланды. Ресеймен және жаңа тәуелсіз мемлекеттермен сауда жөніндегі жапон қауымдастығы (РОТОБО) ұйымдастырған іс-шараға ҚР Жапониядағы Елшілігінің, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ, АХҚО, "ИУЦ" АҚ, "СК-Фармация" ЖШС, "Тау-Кен Самұрық "ҰТК" АҚ, "Медсервис Плюс "Қазақ фармацевтикалық компаниясы" ЖШС өкілдері, сондай-ақ екі елдің бизнесінің өкілдері қатысты. Мақсаты - Жапония мен Орталық Азия елдері арасында бизнесті дамыту және сауда мен инвестицияларды ынталандыру.


«ROTOBO» экономика ғылыми-зерттеу институтының директоры Мики Вадзима құттықтау сөз сөйледі. Спикер қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсарту шараларын және жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды жоғары бағалап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қолдау білдірді.

Өз кезегінде, Жапон-Қазақстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комитетінің төрағасы Ичиро Такахара Жапон бизнесінің Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға әлі де мүдделі екенін атап өтті.


«Екі елдің арасында стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөлігі экономиканың жаңа салаларында ынтымақтастықты белсенді ілгерілету болып табылады. Халықаралық жағдай күрделі және құбылмалы, бірақ жапонияның іскер топтары Қазақстанмен ынтымақтастық мүмкіндіктерін әрқашан үлкен сенімділікпен және қызығушылықпен бақылайды», - деді Итиро Такахара.

Өз сөзінде KAZAKH INVEST Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Жапония Қазақстанның Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатынын және топ 10 инвестор елдің қатарына кіретінін хабарлады. Сонымен қатар, спикер қатысушыларды қазақстанның инвестициялық әлеуетімен, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларымен және KAZAKH INVEST қызметімен таныстырды.

«Мемлекет басшысының жаңа экономикалық курсы аясында қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Халықаралық инвесторлардың күтуімен байланысты экономиканың бірқатар күрделі құрылымдық реформаларын жүргізу жоспарлануда. Сапалы жұмыс орындарын құру және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ерекше маңызға ие. Қазақстан жапондық әріптестердің өңдеу өнеркәсібі мен экономиканың жаңа секторларын дамытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр, атап айтқанда, әңгіме «ақылды» машина жасау, қатты пайдалы қазбаларды өңдеу, фармацевтика, ақпараттық технологиялар және «жасыл» энергетика туралы болып отыр. Өз кезегінде KAZAKH INVEST Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі жапондық компанияларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», - деді Жандос Темірғали.

Екі күндік іс-шара аясында "Астана" халықаралық қаржы орталығының қызметі, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік активтерді жекешелендіруге қатысу мүмкіндіктері, "Astana Hub" базасында IT жобаларды іске асыру, "СК-Фармация" ЖШС және қазақстандық медициналық жабдықтарды өндірушілермен бірлесіп фармацевтика мен денсаулық сақтауды дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ "Тау-Кен Самұрық "ҰТК"АҚ қолдауымен металлургия саласындағы ынтымақтастық перспективалары таныстырылды.


Инвестициялық іс-шараның соңында жапондық компаниялар ынтымақтастықты тереңдетуге және Қазақстанда жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылықтарын растады.

Айта кетейік, 2010 жылдан бастап 2021 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығында Қазақстан экономикасына Жапониядан тікелей инвестициялардың жалпы ағыны шамамен $4,8 млрд. құрады, 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жапониядан инвестициялардың жалпы ағыны $ 110.4 млн. құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге