Баспасөз релиздері

Yıldırım Holding Qazaq Soda зауытын салу туралы келісімшартқа қол қойды

Yıldırım Holding Qazaq Soda зауытын салу туралы келісімшартқа қол қойды

Yıldırım компаниялар тобы Қазақстанда кальцийленген сода өндіру бойынша бірегей зауыт салу туралы келісімшартқа қол қойды. Qazaq Soda жобасын іске асыру туралы келісім Стамбулда Yıldırım Holding, CAMCE, SemArco (BI Group инновациялық құрылыс холдингінің компаниялар тобы мен EPC Archirodon халықаралық тобының құрамына кіретін) және Dalian Dehua консорциумы арасында жасалды. Ал қыркүйек айының соңында Жамбыл облысының Сарысу ауданында тұрғызылатын стратегиялық маңызды нысанның алғашқы тасын қалау рәсімі өтеді.

Бұл еліміздегі шыны, химия, металлургия, тау-кен және тоқыма өнеркәсібіне қажетті кальцийленген сода өндірумен айналысатын алғашқы кәсіпорын. Жобаны іске асыру 400 миллион долларға бағаланады. Зауыт құрылысын 2024 жылы аяқтау жоспарланған.

Бастапқы кезеңде кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 500 мың тоннаны құрайды, ал кейіннен 1 миллион тоннаға дейін өнім ұлғайтылады. Бұл Қазақстанға кальцийленген сода импортынан құтылуға және Қытай, Түркия, АҚШ және Ресей сияқты жетекші әлемдік өндірушілермен бір қатарға тұруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, республика ішкі қажеттіліктерді толығымен жауып қана қоймай, келешекте де Батыс Қытай мен ТМД елдеріне экспортқа жеткізуді бастайды.

Зауыт құрылысына негізінен жергілікті тұрғындар арасынан 1000 маман тартылады, ал пайдалануға берілгеннен кейін Qazaq Soda химия өнеркәсібінің ірі объектісі 1300 тұрақты жұмыс орнын құрады.

Зауыттың бірегейлігі-онда экологиялық таза, қалдықсыз технологиялар енгізілетін болады. Негізгі өнімнен басқа, жыл сайын дистилляциялық шламнан жанама өнімдер - 500 мың тонна шикі CaCl2 және 100 мың тонна тұз өндіріледі. Кәсіпорынның кальцийленген сода өндірісі кезінде қалдықтарды кәдеге жарату және процесті жетілдіруге байланысты бес жеке патенті бар.

2013 жылдан бастап Yildirim Holding Қазақстанға 500 миллион доллардан астам инвестиция салды.

Дереккөз: Tengrinews.kz интернет-ресурсы

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге