Баспасөз релиздері

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы негізгі реформаларды қолдау мен экономиканың тұрақты қалпына келуін жалғастыру туралы вице-президеті Анна Бьерде мәлімдеді

Дүниежүзілік банк Қазақстандағы негізгі реформаларды қолдау мен экономиканың тұрақты қалпына келуін жалғастыру туралы вице-президеті Анна Бьерде мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша 2021 ж. – Анна Бьерде, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті, бүгін Қазақстанға өзінің ресми сапарын аяқтады. Сапар барысында Бьерде ханым Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминмен, Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиевпен және Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровпен кездесіп, Дүниежүзілік банк тарапынан реформаларды ағымдағы қолдауды, оның ішінде: өңірлер мен мегаполистерді дамытуды, инвестициялық саясатты, сондай-ақ Банктің сандық технологиялар, адами капитал және жеке секторды дамыту саласындағы болашақ қолдауын талқылады.

«Қазақстан өзінің экономикалық дамуының жаңа тарауын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында жариялаған реформаларын басшылыққа ала отырып, бастап жатқандықтан, Дүниежүзілік банк біздің серіктестігімізді кеңейтуге және жігерлі жеке сектордың басым болуымен және есеп беретін әрі ашық мемлекеттік сектордың болуымен елге жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға айналуға көмектесуге дайын», – деді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьерде. «Біз Қазақстанның ең маңызды активіне - оның адамдарына - әсіресе технологиялар, жұмыс орындарын құру және инновациялар арқылы жаңа мүмкіндіктер ашатын көміртексіздендіру үдерісі контекстінде әрі қарай да назар аударатын боламыз».

Экономиканың экологиялық және әлеуметтік бағдарланған тұрақты өсуі үкіметтің әріптестерімен талқылауда басты орынға ие болды, өйткені ел 2050 жылға қарай «жасыл» экономикаға көшуге және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге талпынады.

Бьерде ханымның сапары Глазгода өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 26-шы конференциясының (COP-26) аяқталуымен тұспа-тұс келді, оның барысында Қазақстан 2060 жылы көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға азайту және 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 20%-дан 38%-ға дейін арттыру бойынша өз міндеттемелерін растады. Сондай-ақ Қазақстан 2025 жылға қарай 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу арқылы көміртекті секвестрлеудің ұлттық мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Соңғы үш онжылдықта Дүниежүзілік банк қаржы мен әлеуметтік қызметтерден бастап инфрақұрылымға дейінгі түрлі секторлардың дамуын қолдай отырып, Қазақстанның маңызды серіктесі болды, бұл ретте қаржыландырудың жалпы сомасы $8 млрд астам құрады.

2022 жылы Дүниежүзілік банк пен Қазақстан бірлескен серіктестіктің 30 жылын атап өтеді, ол жеке сектор басым болатын білімге негізделген әртараптандырылған экономикасы бар қазіргі заманғы қоғамға қайта құруға Қазақстанға үнемі көмек көрсетуге бағытталған болатын.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге