Баспасөз релиздері

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Елшісімен инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев Корея Республикасының ҚР-дағы Төтенше Өкілетті Елшісі Джо Тэ Икпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады.

«Оңтүстік Кореямен экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамыту біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстанда көптеген корей компаниялары жұмыс істейді. Біз елімізде жобаларды жүзеге асыру кезінде корей компанияларына жан – жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Осылайша, қазақстандық өкілдер елшіге ҚР инвестициялық ахуалы, мемлекеттік қолдау шаралары және экономиканың басым салаларындағы мүмкіндіктер туралы айтып, соңғы жылдары Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы инвестициялық жобалардың айтарлықтай өскенін атап өтті.

DSC_0872(1).jpg

Оңтүстік Кореяның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының көлемі 10 жыл ішінде $6,8 млрд-тан асты.қазіргі уақытта іске асыру сатысында $1 млрд-қа жуық инвестициялар көлемі бар бірқатар бірлескен қазақстан-корей жобалары тұр, сонымен бірге сауда қатынастарының қолда бар әлеуеті тауар айналымын одан әрі әртараптандыру және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын көрсетеді.

«Біз автомобиль жасау саласын дамытуда, оның ішінде Қазақстанда өндірісті локализациялайтын корейлік автомобиль брендтерінің арқасында елеулі нәтижелерді көріп отырмыз. Дегенмен, біз туризм, энергетика және мұнай-газ химиясы салаларындағы әріптестікті нығайтуда өсіп келе жатқан әлеуетті көріп отырмыз. Оңтүстік Кореяның кәсіпкерлері бәсекеге қабілетті инновациялық тауарлар жасай отырып, экспортқа бағытталған экономика жағдайында жұмыс істейді. Біз Қазақстанның басым салаларын дамытуда осы тәжірибе мен технологияларды қабылдағымыз келеді. Осыған байланысты біз сервистік қызметтердің барлық спектрін, соның ішінде қолданыстағы преференциялар пакетін ұсыну арқылы көрсетуге дайынбыз», – деді Ержан Елекеев.

DSC_0861.jpg

Өз кезегінде Джо Тэ Ик жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы екіжақты қатынастарды дамытуға ұмтылысын білдірді. Ол қазақстандық өкілдерді KOTRA инвестицияларды ілгерілету жөніндегі Корей агенттігінің жұмысы туралы хабардар етіп, KAZAKH INVEST-ті инвестициялық әлеуетті ілгерілету және екі агенттік арасындағы әріптестік қатынастарды жолға қою жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге