Баспасөз релиздері

«Сутек энергиясы: Экономикалық дамуының стратегиялық векторы»

«Сутек энергиясы: Экономикалық дамуының стратегиялық векторы»

Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бастамасымен, сондай-ақ «MEDEF» француздық кәсіпкерлер қауымдастығының және France Hydrogène қозғалысының белсенді қолдауымен сутегі энергетикасын дамыту мәселелері бойынша Қазақстан-Франция вебинар өтті.

Бұл іс-шараның өзектілігі екі тараптың қатысушыларының жоғары деңгейде өкілдік етуімен расталды, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі,Ядролық физика институты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, ERG, Total Energies, Total Eren, Air Liquide, Syndyne International, Technip Energies, EDF, Linde Gas Kazakhstan және т.б.


Вебинарға қатысушыларды құттықтау сөзімен сөйлеген Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев бұл диалогтың стратегиялық серіктестіктің екінші онжылдығы шеңберінде мемлекеттер арасындағы байланысты нығайту тұрғысында маңыздылығын атап өтті. Өткен жылы Қазақстан мен Франция 2030 жылға дейінгі экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойғаны белгілі, оның маңызды аспектісі - жаңа технологиялық және экологиялық жобаларды бірлесіп әзірлеу болып табылады.

Бұл ретте Елші өткен жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2060 жылға қарай экономиканы декарбонизациялау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарларын ескере отырып, «жасыл» сутегі еліміздің стратегиялық маңызды энергетикалық секторына айналуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұл вебинардың мақсаты – барлық заманауи энергетикалық қауіпсіздік сын-қатерлеріне жауап беретін және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесетін осындай инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар еліміздегі сутегі секторындағы француз компанияларының жинақталған тәжірибесін зерттеу.

Бұл ретте «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Task Force Басқарушы директоры Азамат Қожанов: «Бүгінде біз ел ретінде жасыл сутегін өндіру бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін зерделеу сатысындамыз. Шетелдік инвесторлар Қазақстанның 5 аймағын ірі жобаларды жүзеге асырудың экономикалық орындылығын зерттеуге дайын. Біз қазір мұнай бағасының соңғы онжылдығында болуымыз мүмкін және біз отын-энергетика саласының жаңа жаһандық жеткізу тізбегіне енуге дайынбыз. Мүмкін болатын шешім – Қазақстанда өндірілген сутегін Еуропалық Одақ нарығына экспорттау.

ҚР Үкіметі деңгейінде ҚР Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, екі мегажобаға қолдау көрсетіп жатырмыз, шетелдік инвестиция есебінен зерттеу жұмыстары жүргізілуде. KAZAKH INVEST стратегиялық кеңесші қызметін атқарады.

«Жасыл» сутегінің әлемдік нарығы алдағы 10 жылда қалыптасады. Осы уақыт ішінде біз ел ретінде болашақ нарыққа өнім түрінде ұсыныс жасауға міндеттіміз. Біз күте алмаймыз, қазір әрекет ету керек, Үкімет деңгейінде жұмыс жүріп жатыр. Шетелдік инвесторлар жақындап келеді. Менің ойымша, алдағы екі-үш айда егжей-тегжейлі сипаттауға болатын стратегия жарияланады».

«Astana Finance Days 2022» аясында өткізу жоспарланған «Сутегі энергиясы» сессиясына француздық іскер қауым шақырылды.


Бір күн бұрын жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Task Force топтың келіссөз жүргізушілерінің арнайы бөлімшесінің көмегімен ынтымақтастық «жасыл» сутегі туралы Келісімге қол қою жоспарлануда, мұнда француздық тарап осы саладағы 400-ге жуық компанияны біріктіретін MEDEF International, France Hydrogène Task Force болады.

Қазақстан тарапынан Франция бизнесін перспективалық жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға шақырған Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасеновтің тұлғасында Энергетика министрлігі де қолдау білдірді.

Вебинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жан-жақты жауаптар алып, осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың алдағы қадамдарын белгіледі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге