Баспасөз релиздері

Құны $63,2 млрд 449 инвестициялық жоба пулында 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылды - KAZAKH INVEST

Құны $63,2 млрд 449 инвестициялық жоба пулында 4 мыңға жуық жұмыс орны құрылды - KAZAKH INVEST

«KAZAKH INVEST» ҰК ҚР Үкіметі атынан инвестициялық жобаларды талқылау кезінде келісссөздер жүргізетін бірегей компания. Инвесторлармен жұмыс мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Компания инвесторларға инвестициялық преференциялар түрінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті әртүрлі рұқсат құжаттарын алуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, инвесторларға тәулік бойы сервистік қолдау көрсететін байланыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 1600 астам өтініш түскен. Сондай-ақ компания шетелдік және аймақтық өкілдер желісін де қамтиды. Жыл басынан бері қазақ инвест қызметкерлері шетелдік компаниялардың 213 делегация сапарларын ұйымдастырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «KAZAKH INVEST» АҚ сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары Марат Есенов мәлімдеді.

Қызметкерлердің тиімді өзара іс-қимылы - бұл жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде, сыртқы келіссөздер, әлеуетті серіктестерді іздеу сатысында да, туындайтын проблемалық мәселелерді жедел шеше отырып, оларды іске асыру сатысында да нақты пысықтау және сүйемелдеу.

«Бүгінде инвестициялық жобалар пулы $63,2 млрд.сомасына 449 жобаны құрайды, оның ішінде 144 жоба ($8,6 млрд) іске асырылды және пост-инвестициялық мониторингте жатыр, 79 жоба ($15,3 млрд) іске асырылу сатысында, 55 жоба ($17,8 млрд) пысықталуда, сондай-ақ 171 инвестициялық ұсыныс (бұл тауашалы жобалар) әзірленді. Ағымдағы жылдың басынан бері жобалардың жалпы пулынан $2,5 млрд сомасына шетелдік қатысуы бар 27 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, шамамен 3,9 мың жұмыс орны құрылды. Сондай – ақ, жыл соңына дейін шетелдік қатысумен $2,2 млрд сомасына 16 жоба пайдалануға беріледі деп күтілуде, «Шымкент қаласындағы фармацевтикалық препараттар өндірісін жаңғырту» - Polpharma (Польша, $8 млн.), Маңғыстау облысындағы бұрандалы сорғылар өндірісі-PCM ($5 млн.), сондай-ақ Түркістан және Қостанай облыстарында $104 млн сомасына ЖЭК 3 жобасы іске қосылады деп күтілуде. Бұдан басқа, шетелдің қатысуымен маңызды индустриялық жобалар бойынша іске асыру басталды - Қостанай облысында КАМАЗ автокомпоненттерінің өндірісі ($320 млн.), Қарағанды облысында шиналар өндірісі (Татнефть, $273 млн.), Жамбыл облысында кальцийленген сода өндірісі (Yildirim Holding, $320 млн.), Алматы облысында жемістер өндірісі және қайта өңдеу (Inoks Capital, $82 млн.), Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру (Panelsan, $47 млн.) және басқалары», - деп атап өтті спикер.

Компания өкілі сондай-ақ, 2017 жылдан бастап жыл сайын жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел негізгі инвестициялық іс-шарасы өтіп жатқанын айтты. Бұл іс-шара өзін мемлекет пен халықаралық инвестициялық қоғамдастықтың тиімді диалог алаңы ретінде танытты. Шара 7 желтоқсанда гибридті онлайн / офлайн форматта өтеді.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге