Баспасөз релиздері

Үкіметте Францияның «Air Liquide» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Үкіметте Францияның «Air Liquide» компаниясымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Францияның әлемге әйгілі «Air Liquide» компаниясы басшылығының Қазақстанға үш күндік сапары басталды, деп хабарлайды KAZAKH INVEST баспасөз қызметі. 

Техникалық газдарды өндіру және өнеркәсіп пен денсаулық сақтау үшін қызмет көрсету саласының көшбасшысы әлемнің 80-нен астам елінде қызмет көрсетеді. Компанияда 65 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 

Қазақстан астанасында «Air Liquide» вице-президенті Филипп Кристодулу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярмен, энергетика, сондай-ақ индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «Qazaq Gas»ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығымен кездесті. 

Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын құптап, Қазақстанда «Air Liquide» жүзеге асырып жатқан жобалардың жай-күйін талқылады. Қазақстанның 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаты тұрғысынан ерекше мәнге ие «жасыл» сутегін өндіру саласындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. 

Еске сала кетейік, «Air Liquide» клиенттері мен серіктестері болып «Total», «ExxonMobil», «Shell», «Basf», «Chevron», «Sinopec», «BP», «ENI», «ConocoPhillips», «Petrobras» табылады. 

Сондай-ақ, биыл Қазақстан мен Франция арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толғаны алға тартылды. Бүгінгі таңда Франция Қазақстанның әлемдегі жетекші инвесторлары мен сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасының экономикасына құйылған француз инвестициясының көлемі $17 миллиардтан асты. Өзара тауар айналымы 2021 жылы шамамен $3 миллиард долларды құрады. 

Сапар Қазақстанның Франциядағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және MEDEF француз кәсіпкерлер бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан Республикасындағы сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі» вебинар қорытындысы бойынша өтті.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге