Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

Бейжіңде қазақстандық компаниялар машина құрылыс саласын дамыту бойынша бірқатар келісімдер жасады

Бейжіңде қазақстандық компаниялар машина құрылыс саласын дамыту бойынша бірқатар келісімдер жасады

Бүгін Бейжің қаласында «Kazakh Invest» қолдауымен Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің отырысы барысында  қытайлық компаниялармен бірлесе Қазақстанда машина құрылысын дамыту бойынша бірқатар келісімге қол қойылды.

«Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін дамыту» жобасын дамыту бойынша жол картасы «Группа Компаний Аллюр» АҚ, «China National Machinery Import and Export Co.» (СМС)  қытайлық компания және «Бәйтерек» холдингінің арасында жасалды. Бұл жобаны Қостанай облысында іске асыру ұсынылған. 

Бұл жобаның шеңберінде инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1,1 млрд АҚШ доллары болатын толыққанды автомобиль кластерін (автобустар, жүк көліктері, электромобильдер) жасау жоспарланады.

Оның үстіне, бүгін «Агромашхолдинг KZ» АҚ және «YTO» -мен Қазақстанда тракторлардың құрастырма өндірісін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«YTO»бұл қытай тракторлық техниканың ірі өндірушісі. Әрі қарай біз жобаны іске асыру бойынша жол картасына қол қоюды жоспарлап отырмыз. Осы жылдың өзінде біз сынау шараларын өткізуді бастағалы отырмыз», -  деді жоба туралы «Агромашхолдинг KZ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Ким Дин.

Еске салып өтсек, бүгін Бейжіңде жалпы сомасы 13 млрд. АҚШ доллар экономикалық сипаттағы 40 құжатқа қол қойылды.  Осы келісімдерге сәйкес, Қазақстанның аумағында машина құрылысы, биотехнологиялар және т.б. саласында жаға жоғары технологиялық өндірістерді іске қосу жоспарланған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге